Тәрбиелеудің жөні бір бөлек те, жолы бір бөлек.

Тәрбиелеудің жөні бір бөлек те, жолы бір бөлек.

Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару.

                                                                                                                                                        Мағжан Жұмабаев

 

Тәрбие дегеніміз - тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы.

Орыс жазушысы, публицист, философ Лев Толстойдың осы сөзінің астарында үлкен мән жатыр.

Бұтақты көшет кезінен қалай отырғызсаң, оның тура сол қалпында талға айналатыны секілді, бұл орайда баланы жастайынан дұрыс тәрбиелеудің мәні жайында сөз етпекпін.

Бесікке баулудан бастап, оқу, білім алу, ғылым іздену, мамандық игеру, қызмет ету, отбасын құрып, ұрпақ жалғастыру секілді өмірлік қағидаттар өмірлік тәрбие және адамдық борыш болып табылады. Ал осы тәрбиені баланың бойына сіңдіру, дарыту, беру – әрбір ата-ананың міндеті.

Ешкімнің ала жібін аттатпау, қырық үйден тыю деген секілді қазақтың дәстүрге айналған тәрбиелік ғұрыптары қазақы болмыс пен қасиетті ұлықтаумен қатар, құқықтық тәрбиені де дәріптейді. Ал енді бұл орайда, бастысы, осыншама тәрбиенің көптеген тетіктерін ата-ана балаға қалай үйретуде, беруде, сонысы ойландырады.

         Әрбір ата-ана баласының құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету тұрғысында олардың оқып, білім алып, толыққанды жетілуіне, өмірлік қажеттіліктердің бәрімен қамтылуына жағдай жасау керек. Бұл деген сөз - ата-ана алдында құқық пен міндет тұрғанын білдіреді.

         Қазіргі таңда бала тәрбиесі қоғам назарында, ал бірақ сол бала тәрбиесіне ата-ана тарапынан көңілдің бөлінуі ақсауда десек қате айтпаған болармыз. Себебі, тірлшілікте балалар тарапынанан орын алып жатқан қоғамдық кілтипандардың, құқық бұзушылықтардың, жат әрекеттердің бәрі ата-ана тарапынан оларға тәрбиенің дұрыс берілмей жатқандығының салдары.

Баланы тәрбиелеуде ата-ананың өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен баланың не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Тәрбиелеу осымен бағаланады.

         Ал енді, тәрбие саласын құқықтық тұрғыдан дәріптейік.

         Жөнді тәрбие марапатқа, жөнсіз тәрбие алапатқа жетелейді. Бұл деген сөз, әрбір баланың дұрыс тәрбиеленіп, түзу жолмен өсіп-жетілуі олардың өзіне де жан-жағына жақсылық әкеледі, ал бұрыс мінез-құлықпен қалыптасқан баланың жаман әдеттер мен жат қылықтарға бейім болып, құқық бұзушылықтарға жол береді дегенді білдіреді. Әрбір құқық бұзушылық, жат қылық үшін жауапкершілік пен жазаның бары айдан анық.

         Қазақстан Рсепубликасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан ары – ӘҚтК) «Кәмелетке толмағанның құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» деп аталатын 12-тарау бар. Сол тарауға кіретін 127-бапта 1-бөлігінде «кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамау» үшін ата-анаға не өзге де заңды өкіліне 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салу, ал 2-бөлікте осы әрекет бір жыл ішінде қайталанғаны үшін 15 АЕК немесе 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапкершіліктер көзделген.

         Баланың мектепке бармай, білім алудан жалтарып, сабақтан себепсіз қалуы, қайыршылықпен айналысуы, үйден қашып қонбауы, қылмыстық жолға ұрынуы, үйде ата-анасына, білім ошағында мұғалімдер мен тәрбиелшілерге бағынбауы, девиантты мінез-құлыққа бейімделуі секілді әрекеттер, жалпы кәмелетке толмаған бала жасаған кез-келген құқық бұзушылықтар үшін оның өзіне емес, ата-анасына жауапкершілік жүктеледі, яғни осының бәрі үшін ата-ана жауапты болады. Себебі, «кәмелет» деген сөздің өзі ақыл-есі толысып, санасы толық жетілмеген, дамымаған деген ұғымды білдіреді. Демек, олардың істеген жат қылықтары өздерінің түйсігіне емес, оның дұрыс өсіп-жетілу прогресінде ата-ананың оған беріп жатқан тәрбиесіне байланысты орын алып жатқан жағдайлар болып саналады. Ал бұл фактілердің барлығы - ата-ананың бала алдындағы құқықтары мен міндеттері және соларды дұрыс атқармау деген түсінікті айқындайды.

         ӘҚтК-тің 127-бабы бойынша әкімшілік жаза биылғы жылы 10 АЕК-ке өзгертілді, яғни айыппұл мөлшері өсті, бұрынғы заң талабында 3 АЕК көзделген болатын. Яғни, жауапкершілік қатаңданды деген сөз. Бұлай болуының себебі - неғұрлым қатаң жаза көзделген сайын жауапкершіліктің жүйелі болу керектігін ата-ананың сезінуге тиіс екендігінде. Яғни, тәрбиенің жөні бір бөлек те, жолы бір бөлек екенін түсінуде.

Ата-ана баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн. Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.

ӘҚтК-те тек бір осы ғана кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық бойынша бап көзделмеген.                       684-баптың талаптарына сәйкес 435, 436 (үшінші бөлiгiнде), 438 (үшінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар, сонымен қатар, 127, 127-1, 128, 129, 130, 131, 133, 134, 135, 430 (екiншi бөлiгiнде), 663-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар да бар және бұлардың бәрі бойынша әкімшілік істерді кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот қарайды.

         Енді, статистика жағынан мәліметтер легіне де бір көз жүгіртетін болсақ, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде ағымдағы 2020 жылдың 5 айында кәмелетке толмағандарға қатысты 142 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 114 іс бойынша әкімшілік жаза түрі - айыппұл салынған, 28 іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Қаралған істердің басым көпшілігі жоғарыда ерекше тоқтылып кеткен 127-бап бойынша, яғни ата-аналардың кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қаралған істер. Былтырғы жылдың 5 айында 127-бап бойынша тек 4 қана іс сотқа түссе, биылғы жылда олардың саны 78-ге жеткен. Осыдан-ақ өздеріңіз тұжырым жасай беріңіздер. Сан көп, сапа жоқ деген сөз. Яғни тәрбиелеудің сапасыздығынан, құқықтар мен міндеттердің орындалмай жатқандығынан жауапқа тартылу көп.

Анаммен (әкеммен) бірге тұрғым келмейді, мінездеріміз жараспайды, ішімдік ішеді, үйден қуады, ұрып-соғады, міне, осындай пікірдегі балаларды істі қарап зерделеу кезінде көп кездестіреміз. Бұдан кейін баланың өмірге деген құштарлығы қайдан болсын, әрине, басы ауған жаққа кетіп, ойына келгенін істеуге әдеттенеді. Сондықтан да қазақ «баланы тәрбиелемес бұрын алдымен өзің тәрбиеленген болуың керек» деп бекер айтпаған.

«Қызды ұрған – жүдететінін, ұлды ұрған – түзететінін» аражіктей алуымыз керек. Қызды қалай, ұлды қалай тәрбиелеудің жөні мен жолын білуіміз керек. Ата-ана өзі жақсы болмаса, жақсы тәрбие бере алмаса, міндетін дұрыс атқара алмаса, «алдыңғы арба қайда барса, соңғысы да сонда баратыны» белгілі.

Балаға берілген дұрыс тәрбие – бұл бақытты кәрілік, қате тәрбие – біздің келешектегі сорымыз, біздің көз жасымыз.

Бала тәрбиесіне бей-жай қарамас үшін ең алдымен жауапкершілікті сезіне алған және міндеттерімізді білетін жақсы ата-ана болуды үйренуіміз қажет.

Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл – отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы.

 

 Жамбыл облысының кәмелетке  толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айгүл Бексұлтанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

25 пікір

  1. аватар
    May 21 сентября 2023 00:54

    Hey there! This post could not be written any better! Reading through
    this post reminds me of my good old room mate! He always kept chatting about this.
    I will forward this page to him. Pretty sure he will have a good read.

    Thank you for sharing!

    My web-site ... Bestellung von aprost in Salzburg

  2. аватар
    Lovie 27 декабря 2023 17:01

    Hey are using Wordpress for your blog platform? I'm new to the blog world but I'm trying to get started and
    set up my own. Do you need any coding expertise to make your own blog?
    Any help would be greatly appreciated!

    Check out my web page ... Millie

  3. аватар
    Douglas 17 сентября 2024 02:17

    егер сіз түсінде аяқ киім ана туралы өлеңдер
    армандайтын болсаңыз дворец республики коньки, каток алматы 2022 қызыл кітап поэмасы слайд, қызыл кітап поэмасы негізгі
    идеясы конкурсы по робототехнике 2022,
    команда по робототехнике

  4. аватар
    Lacy 20 сентября 2024 11:12

    ою өрнек түрлері фото, ою өрнек түрлері атаулары мангистаумунайгаз акции, мангистаумунайгаз финансовая отчетность алмаз шаадаев алмаз шаадаев - арзуу / жаны ыр 2021, алмаз шаадаев -
    сен дегенде скачать почему не хватает ферментов для переваривания пищи, диагностика ферментной недостаточности

    Feel free to surf to my web-site ... пайдалы және зиянды тағамдар эссе

  5. аватар
    Daryl 24 сентября 2024 02:11

    зодиак белгісі суқұйғыш қашан басталады параграф текст это,
    ис параграф скачать қап қара қарақат ремикс скачать, қап қара қарақат скачать песню қағаз кеме 13 серия, қағаз кеме өлеңі

    My web blog :: құрметті қонақтар сіздерді

  6. аватар
    Brittney 6 октября 2024 03:00

    канат нуриев биография, нурахмет нуриев отец
    әрекет потенциалы уикипедия,
    тыныштық потенциалы деген не мейрамбек беспаев сагындым алматымды -
    скачать бесплатно, сагындым
    алматымды рингтон скачать желілік байланыс жоқ, ақырғы құрылғылар элеыбырай алтынсарин
    әке мен бала әңгімесі толық нұсқасы
    ттері

  7. аватар
    Ana 13 октября 2024 08:55

    психология қазақша кітаптар тізімі, жарықбаев психология
    кітабы скачать türkiye bursları список университетов, türkiye bursları специальности
    гулназым скачать, самал тобы код на
    танк в гта, гта вайс сити коды на машины

    Feel free to surf to my blog post; денсаулық туралы мақал-мәтел

  8. аватар
    Mia 14 ноября 2024 17:21

    снится что я лечу на самолете и к
    чему снится подарили зонтик чему снится кот на
    кладбище
    , зонтик во сне исламский сонник гороскоп стрижки на март, лунный календарь стрижек на март 2024
    мужской оберег из натурального камня к чему снится первые слова ребенка

  9. аватар
    Susan 18 ноября 2024 02:18

    ұстаз аманаты эссе, ұлағатты ұстаз эссе
    ананди актриса умерла, ананди актеры которые умерли астана филармония, кенесары, 32, астана күміс пен магний құймасы,
    массасы 500 г күміс пен магний

    Look at my web page: ахмет байтұрсынов жұртыма

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.