Солтүстікқазақстандық оқушы «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» халықаралық байқауының жүлдегері атанды

Солтүстікқазақстандық оқушы «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» халықаралық байқауының жүлдегері атанды

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев орта мектебінің оқушысы Никита Авдеев «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» халықаралық байқауының жүлдегері атанды.

Негізгі мақсаты қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын бекіту, сондай-ақ жастардың назарын сыбайлас жемқорлық проблемаларына аудару болып табылатын байқау рекордтық 41 мың жұмысты жинап, халықаралық қазылар алқасы үшін жеңімпазды анықтау оңайға соқпады.

Никитаның «Жемқорлықтың қолына түспе!» атты туындысы «Үздік плакат» номинациясында екінші орын алып, ең креативті және жарқын деп танылды. Байқауға түрлі елдердің жас суретшілері қатысты, ал қазылар алқасы жұмыстардың бірегейлігі мен өзіндік ерекшеліктерін атап өтті. Қазылар алқасының мүшелері арасында Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Таиланд, Мьянма, Бразилия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сияқты 11 елдің өкілі болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жақыпбеков марапаттау кезінде Никитаның қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесін оң бағалады және оған шығармашылықта одан әрі табыс тіледі.

Сондай-ақ, ол Байқау, шығармашылық арқылы да жемқорлыққа қарсы күреске назар аударуға және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға болатындығын айқын көрсеткенін атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.