АДАЛДЫҚ ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚҚА БІРГЕ!
Адалдық, парасаттылық пен адамгершілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам басының бір өлшемі іспетті. "Адалдық” деген сөздің астарында үлкен ұғым жатыр. Ол ісі мен сөзінің шыншылдығы, айнымастығы, тазалығы сияқты игі қасиеттерден тұрады. Осы тұста осындай ұлы қасиеттерді өзіне сіңіріп, жақсылықты тынбастан насихаттайтын Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің ақпараттық-ағартушылық штабы туралы сөз қозғағым келіп отыр. Басты міндеті Елордамызда қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Біздің қалалық ақпараттық-ағартушылық штабы, адалдық пен парасаттылықты насихаттау жұмысын 2019 жылдың 12 желтоқсанында бастады. Біздің Агенттік елімізге пайдасы зор, халқымызға қажетті «Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыруда. Жұмысын сауатты бастап, ел игілігіне арналған ұтымды әрі оптимисттік жоба жаңа заманға лайық жұмыс тәсілі. Парасаттылық, адалдық сынды рухани құндылықтарды жоғары деңгейде насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабы қазіргі таңда жүйелі жұмыстар атқаруда. Штаб құрамында белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғылым кандидаты, көпке танымал әртістер мен тәжірибелі педагогтар бар. Штаб жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел.
Қазіргі таңда ақпараттық-ағартушылық штабы мелекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, білім саласының қызметкерлерімен, студенттер мен еңбек ұжымдарымен 90 астам іс-шаралар өткізіліп, 10 мың. астам адам қамтылды. Anticor ortalygy-да ақпараттық-ағартушылық штабы әлеуметтік желілерде өзінің белсенді жұмысын қарқынды жүргізуде.
Парасаттылық, адалдық пен адамгершілік - адамның рухани арқауы. Рухани азығын молайтпаған адамға береке қайдан болсын. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Біздің көздеген мақсатымызда осы. Ұжымымыз қазіргі қиын қыстау жағдайында жүрегімен, тілегімен әр қазақстандықпен бірге. Басшымыздан бастап күнделікті тікелей эфирде халыққа сабыр айтып, парасаттылық пен адалдық тақырыбындағы насихат жұмыстарын жүргізуде. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен деген нақылды ұран қылған біздің штаб алдағы уақытта халық игілігі үшін аянбай жұмыс атқаруға дайын. Ісімізге береке берсін демекпіз.
А. Кенебаева
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]