СҚО-да қылмысқа және отбасылық жанжалдарға қарсы күрес мәселелері талқыланды
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов облыстық әкімдік жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты. Қылмыспен, нашақорлықпен, есірткі бизнесімен және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері талқыланды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрмыстағы әрбір екінші қылмыс алкогольдік мас күйде жасалған (84 қылмыстың 42-сі). Отбасындағы ересектердің екеуі де маскүнемдікке салынған жағдайлар кездеседі. Мұның нәтижесінде ауыр салдарға әкеп соғатын жанжалдар орын алады.
Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүйелі шаралар қолданады, олар есепте тұрған тұлғаларды тексереді және тұрмыста құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарды анықтау үшін күн сайын үй-үйді аралап, пәтерлерге барып тұрады.
Өткен жылы 2362 отбасылық жанжалқой әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 563-і әкімшілік қамауға алынды, 291-не ескерту берілді, 15-не айыппұл салынды.
Сондай-ақ полиция генерал-майоры Қабдұлдинов бірқатар ұсыныстар ұсынды: «Отбасыға көмек көрсетудің бірыңғай орталығын» құру мүмкіндігін қарастыруды, отбасыларында жанжал шығаруды әдетке айналдырушылармен психологтардың жұмыс істеуін ұйымдастыруды және т.б.
Айдын Қабдұлдинов облыстағы криминогендік және қоғамдық-саяси жағдай тұрақты екенін атап өтті. ҚР ІІМ жариялаған «Профилактика жылы» шеңберінде өңірде қауіпсіздікті жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]