Абай мұрасы

Абай мұрасы

Абай: «Адамды нағыз адам қылатыны- сезім, ой, рух, білім, өнер, адамгершілік, сана, әрекет, - дейді. Осылардың бәрі болса, адам баласының шығар биігі зор, айтар ойы тұшымды, әр қимылы саналы болмақ. Абай Құнанбайұлының шығармалары - даналықтың, рухани тазарудың таптырмас көзі.  Абай – ғасырларда бір туатын бірегей ғұлама. Тумысы бөлек, өсуі еркін ақын. Өмірдің өзін оқуға айналдырып, зеректік, ұғымға ұшқыр бола білді. Жас болса да бас болған, талай айтыс-тартыста, мәжіліс пен кеңесте жеке пікірін айта білді. Ойлы ақынның өлеңдері өнер атаулының зор түрі. Дүниеге өз көзімен қарап, дарақылық жолынан алыс болды. Болыс баласы болса да «мен» деп кеуде қағып, халқына зорлық көрсетпеген асыл ұлдың жолын жалғау – бүгінгі ұрпаққа берілген  орасан мүмкіндік. Қоғамның өзекті мәселелерін барлап-бағамдап жазған әр шығармасы адамзатты кемел ойлауға, әр дүниенің астарына үңілуге үгіттейді.

Әрбір қарасөзі тұнған даналық, адамға ой салатын насихат десек артық айтпағандық. Шынайылықты ойымен ғана емес, ісінің туралығымен насихаттай білді. Бұл қасиет бүгінгі күні бірімзге жетсе, бірімізге жетпей жатады. Абайдың «Он жетінші қара сөзінде» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға келіп, төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынап береді. Осылайша жүрекке жақтасады. Демек Абай жүректі, яғни адамзатты сүюді, адам үшін қызмет етуді алдыңғы орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді.

Әлемдегі кез-келген елді алып қарасақ, өз халқын адамгершілік пен бейбітшілікке, білім мен ғылымға үндейді. Өйткені тәлім-тәрбиенің, ғылым мен білім болған жерде әрбір жеке тұлғаның сана-сезімі жоғары болмақ. Сол арқылы көш бастаған тұлғалар, зиялы өкілдер, ғалымдар легі көбейеді. Әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген екен. Осы сөзден-ақ, тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Бұл тұрғыда қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие бергенін тағы бір аңдауға болады. Адамның қолын бақытқа жеткізетін дүние - білімді игеру. Сол себепті білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет. 

Абай  есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының бастауы. Оның рухани дүниесімен үндесу, «Адам бол!» дегенге саятын шығармалары әрқайсымызға рухани өсуге ғана ұмтылдырады.

Атап айтқанда,  ұлтымыздың  адамгершілік ілімінің негізін қалаушы болып табылады. Философиялық дүниетанымында адам, оның санасы, сезім, ақыл және адамгершілік, нақтылы тұлғалық мінез бар. Дана Абайдың әрбір пайымы қашанда және қалай болса да адамға, оның өмірлік ізденістері мен мүдделерін сіңіруге міндеттейді. Адамзаттың тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның зор ықпалы бар екендігін түсіндіреді.  

Ұлы Абай – қазақ мәдениетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Кемеңгер бейнесі көптеген аса көрнекті ақындар мен жазушылардың, суретшілердің назарын аударып келеді. Ұлы ақын өз дәуірінің ар-ожданы болған сол кезеңдегі қазақ қоғамдық ойы мен әдебиеті Абай есімімен тығыз байланысты болды. Өзінің 38-­қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық – бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны» дейді.

Ақын еңбек атаулыны ең жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді. Ұғына білген адамға өз еңбегімен күн көруді, кісі ақысын жемеуді, арамдықтан бойын аулақ ұстауға тәрбиелейді.

«Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi»-деп сана арқылы жетiлетiнiн дәлелдеді. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жiктейдi. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлы Абай үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк пен ғылым жолын өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа,  оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,

Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

Бүгінгі жас ұрпақ Абайдың жүріс-тұрысы мен өзін-өзі ұстауы жайлы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан оқып біле алады өзгелерден ерекше еді. Ол ешқашан рухын түсірмеген, өршіл болған. Жас болса да өзіндік көзқарасын еркін білдіретін жеке тұлға. Шығарманы әр өсіп келе жатқан балдырғанның оқып көруі тиіс. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы ғасырлар бойы маңызын жоймайды. Сәңгі өлмес шығармаларымен халыққа дұрыс тәлім бергені үшін, ұстазға лайық ұлылығы үшін рухына тағзым етеміз. Бүгінгі күні  балаларымызды Абай атамыздың сөзімен тәрбиелеп, адамдық пен азаматтыққа баулысақ, қазақтың сонда көгергені.

Ғылым-білім жолында аянбай ізденіс білдірген атамыз өз бетімен үйрену арқылы санасын байытады. Бізге де осы керек. Алақан жайып, біреуді күткенше

 «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.

Халқының келешегін ойлап егілген есіл ер еді. Ол жастардың адал махаббаты мен шын достығын уағыздады. Абай атамыздың атын айтарда, оның әрбір жазған шығармасын оқыр алдында өзімізге серт берелік, жас ұрпақ! Біз тек игілік жолында жүруге, адамзатты сүюге, халқымызды құрметтеуге, білім мен ғылымды серік етуді ойлауымыз керек. Абай жолы –азаттық жолы.

 

Нұр-Сұлтан қаласы

Байқоңыр аудандық сотының судьясы                                             

Олжас  Шалабаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.