Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.М.Дүйсенбаев «Ата-ана – ұлттың ұясы» атты тақырыбында өткізілген форумға қатысты.
Аталған іс-шараға Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.М.Дүйсенбаев ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды және ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы еместігін атап өтті. Сондай-ақ, баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиістігін түсіндірді.
Сонымен қатар, сот жүйесіндегі реформалар және ювеналды сот жұмысының ерекшеліктері туралы және 2021 жылдың 10 айы бойынша қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер туралы статистикалық мәліметтерді айтып өтті.
Іс-шара соңында тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қатысушылар өзара пікір алмасты.
Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
44 пікір