«Касперский зертханасы» киберқылмыскерлердің корпоративтік желілерде қалай із жасыратынын түсіндірді

«Касперский зертханасы» киберқылмыскерлердің корпоративтік желілерде қалай із жасыратынын түсіндірді

Сарапшылар компанияларға жасырын шабуыл жасау кезінде жиі қолданылатын құралдарды анықтады

2026 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін күрделі нысаналы шабуылдардан қорғайтын Kaspersky Anti Targeted Attack(KATA) шешімі бүкіл әлем бойынша хакерлік құралдар мен қауіпсіздікті тексеруге арналған бағдарламаларды пайдалану әрекеттерін 2 миллионнан астам рет тіркеді.

Зиянкестер бұл құралдардың көмегімен корпоративтік желі ішінде байқатпай қозғалады, пайдаланушылардың есептік жазба деректерін жинайды және маңызды ресурстарға қол жеткізеді. Кейбір құралдар зиянды трафикті кәдімгі желілік трафик сияқты көрсетеді. Бұл шабуылды анықтауды қиындатады. Ең жиі қолданылған құралдар:

Cobalt Strike.Жүйенің қорғалу деңгейін тексеруге арналған құрал. Киберқылмыскерлер оны жүйеге орнығып алудан бастап желідегі басқа құрылғыларға өтуге дейін шабуылдың түрлі кезеңдерінде пайдаланады (шамамен 136 мың рет тіркелген).

NetExec.Желі қауіпсіздігін автоматты түрде тексеруге және қорғалмаған сервистерді табуға арналған құрал. Киберқылмыскерлер оны желіні зерттеу және жүйелерге қол жеткізу үшін қолданады (шамамен 130 мың рет тіркелген).

SQLMap.SQL-инъекция деп аталатын осалдықтарды автоматты түрде анықтап, пайдалануға арналған құрал. Мұндай осалдықтар веб-қосымшалар арқылы дерекқорларға рұқсатсыз кіруге мүмкіндік береді (шамамен 108 мың рет тіркелген).

«Биыл Kaspersky Anti Targeted Attack шешімінің іске қосылғанына 10 жыл толды. Бұл шешім желілік трафиктегі жасырын ауытқуларды анықтауға және күрделі шабуылдарды тоқтатуға көмектеседі. Осы уақыт ішінде желідегі қауіптерді анықтау ережелерінің базасы 12 500 сигнатураға жуықтады. KATA күн сайын орта есеппен 300 мыңнан астам ықтимал шабуылды тіркейді. Корпоративтік инфрақұрылымды терең зерттеу және ауқымды зерттеу жұмыстары бұл шешімді күрделі, жасырын киберқауіптерден қорғанудың сенімді құралына айналдырды. Келесі жылы Open Single Management Platform платформасына көшу жоспарланған. Соның нәтижесінде KATA мүмкіндіктері кеңейіп, ақпараттық қауіпсіздік мамандарына оны пайдалану ыңғайлы бола түседі», — дейді «Касперский зертханасының» өнім менеджері Арен Торосян.

Kaspersky Anti Targeted Attack туралы толығырақ ақпаратты компания сайтынан табуға болады.

Корпоративтік инфрақұрылымды жасырын қауіптерден қорғау үшін «Касперский зертханасы» мына шараларды ұсынады:

  • желілік трафикті бақылауға арналған шешімді, мысалы,Kaspersky Anti Targeted Attack, пайдалану. Ол құрылғыларды қорғау құралдары байқамай қалуы мүмкін зиянкестер әрекетін анықтауға көмектеседі;
  • қауіпсіздік операциялары орталығының (SOC) мамандарына қауіптер туралы өзекті деректерге, мысалы,Kaspersky Threat Intelligence арқылы қол жеткізу мүмкіндігін беру. Бұл шабуылдаушылардың тәсілдері мен құралдарын жедел бақылауға көмектеседі;
  • ақпараттық қауіпсіздік мамандарына, соның ішіндеKaspersky Expert Training көмегімен, тұрақты түрде оқыту өткізу. Бұл олардың қауіптерді талдау және анықтау дағдыларын жетілдіреді;
  • тиімділігітәуелсіз сынақтармен расталған сенімді қорғаныс шешімін пайдалану.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.