Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.М.Дүйсенбаев жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету форумына қатысты
Жамбыл облысында «Балаларды қорғау күніне» арналған форум өтті. Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында Жамбыл облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, облыс прокуроры Н.М.Әбдіров, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, полиция, білім беруоргандарының және басқа да мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысулаымен форум өтті.
Форумға қатысушылар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың құқық бұзушылыққа жол бермеу және кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеу мақсатында Тараз қаласында іске қосылған «Қауіпсіз қала» жобасын талқылады.
Сонымен қатар, форумға қатысушылар жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмысы нашар отбасыларын анықтау бойынша алдын алу жұмыстары талқыланды.
Іс-шара соңында қатысуылар өзара пікір алмасты.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]
54 пікір