Болашақ бүгіннен басталады: әлемдегі әрбір үшінші ірі компания ЖИ агенттерін киберқауіпсіздік саласындағы болашағы зор технология деп санайды
Компания бұл туралы Kazan Digital Week халықаралық форумында мәлімдеді
«Касперский зертханасының» ішкі зерттеу орталығы жүргізген сауалнамаға* сәйкес, әлемдегі ірі ұйымдардың үштен бірі (33%) жасанды интеллект (ЖИ) агенттерін киберқауіпсіздік пен ақпараттық технологиялар саласында қолдануға болашағы зор технология деп санайды. Компания бұл деректерді Kazan Digital Week халықаралық форумындағы «Қателесуге құқығы жоқ ЖИ: жаңа мүмкіндіктерді жаңа тәуекелдерсіз қалай пайдалануға болады» атты сессиясында ұсынды.
Екінші орында — ЖИ жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін платформалар. Оларды сауалнамаға қатысқандардың 30%-ы болашағы зор деп бағалаған. Үшінші орында — жалпы мақсаттағы жасанды интеллект (Artificial General Intelligence, AGI). Оның мүмкіндіктерін респонденттердің 27%-ы атап өткен.
«Көптеген компания үшін ЖИ қолдану бәсекеге қабілеттілікті сақтаудың маңызды шартына айналып келеді. Алайда жаңа технологияларды енгізу ғана жеткіліксіз. Олардың қандай қауіп төндіруі мүмкін екенін түсініп, сол тәуекелдерді басқара білу қажет. ЖИ мүмкіндіктерін бизнес қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей пайдалана алған ұйымдар ұтады. Бұған көмектесетін тәсілдердің бірі — кибериммунитет. Бұл тәсіл бойынша ЖИ жүйелері мен агенттерінің қауіпсіздігі жобалау кезеңінен бастап ескеріледі», — дейді «Касперский зертханасының» Ресей мен ТМД елдеріндегі бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Анна Кулашова.
Жаңа мүмкіндіктер — жаңа тәуекелдер. Компаниялар ЖИ агенттерін барған сайын кеңінен қолданып келеді. Сондықтан оларды анықтау, жұмысын қадағалау және бақылау ақпараттық қауіпсіздік мамандары үшін маңызды міндетке айналды.
«ЖИ агенттері мен оларға қатысты құралдар компаниялардың инфрақұрылымында жиі қолданылып жүр. Олар пайдаланушыға берілген құқықтар аясында деректерге қол жеткізе алады, командаларды іске қосады және сыртқы сервистермен байланысады. Бұл ақпараттық қауіпсіздікке жаңа тәуекелдер туғызады. Әсіресе мұндай құралдар қауіпсіздік қызметінің бақылауынсыз және нақты белгіленген қауіпсіздік ережелерінсіз қолданылғанда қауіп артады.
ЖИ технологиясын тиімді пайдалану үшін ұйымдарға заманауи қорғаныс құралдары қажет. Соның ішінде киберқауіптер туралы жан-жақты ақпарат беретін сараптамалық сервистер маңызды. Олар қауіптердің жалпы көрінісін бақылауға және ЖИ-ге байланысты тәуекелдерді де дер кезінде анықтап, алдын алуға көмектеседі», — дейді «Касперский зертханасының» антивирустық зерттеулер зертханасының жетекшісі Владимир Кусков.
«Касперский зертханасы» жаңа технологиялардың дамуын қадағалап, пайда болатын қауіптерге дер кезінде қарсы тұру үшін өз шешімдерін үнемі жаңартып отырады. ЖИ агенттеріне байланысты тәуекелдерді азайту үшін сарапшылар ұйымдарға мыналарды ұсынады:
- киберқауіптердің қалай өзгеріп жатқанын қадағалау және зиянкестердің ЖИ агенттерін қалай қолданатынын білу. Ол үшін, мысалы, жаһандық киберқауіптер туралы ақпарат беретін Kaspersky Threat Intelligence сервистерін пайдалануға болады. Порталда әртүрлі ЖИ агенттерінің сипаттамалары және зиянкестердің оларды қандай мақсатта қолдануы мүмкін екені туралы мәліметтер бар;
- құрылғыларды қорғауға арналған шешімдерді пайдалану. Мысалы, Kaspersky EDR Expert. ЖИ агенттері — құрылғылардың операциялық жүйесінде жұмыс істейтін бағдарламалар. Олар басқа процестерді де іске қоса алады. Бұл шешім ЖИ агенттерін анықтайды, олардың іске қосылуы мен әрекеттерін қадағалайды және күмәнді белсенділік байқалса, оған қарсы шара қолдануға мүмкіндік береді;
- ЖИ агенттерінің іске қосылуын бақылап, қажет болса шектейтін шешім орнату. Мұндай мүмкіндік, мысалы, Kaspersky Security для бизнеса өнімінде бар. Оның «Қолданбаларды бақылау» компоненті ЖИ агенттерін анықтап, олардың жұмысын реттеуге көмектеседі. Ал «Веб-бақылау» компоненті пайдаланушылардың белгілі бір санаттағы веб-ресурстарға кіруін басқаруға мүмкіндік береді;
- орнатылған қолданбалар мен ЖИ агенттерін тексеріп, ықтимал зиянды нұсқауларды (скилдерді) анықтау. Бұған сенімсіз сыртқы дереккөздерден жүктелген нұсқаулар да жатады. Ол үшін Kaspersky Scan Engine құралын қолдануға болады. Бұл шешім осындай қауіптерді анықтауға көмектеседі және LLM модельдерінің файлдарында зиянды код бар-жоғын тексереді.
«Касперский зертханасының» өнімдері ЖИ-ге байланысты қауіптерді қалай азайтатыны туралы толық ақпарат Securelist.ru сайтында берілген.
* Сауалнама 2026 жылы жүргізілді. Оған Ресей де кіретін 18 елдегі түрлі салаларда жұмыс істейтін ұйымдардың киберқауіпсіздікке жауапты 1800 қызметкері қатысты.
[xfvalue_img]
