Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті
Жиынға ювеналдық соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, судья Т.С.Сұлтанова, судья А.Б.Бексұлтанова мен соттың қызметкерлері қатысты.
Ювеналдық соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, мерекелік іс-шараны ашып, барлық әйелдер қауымына мықты денсаулық және отбасыларына амандық тіледі, сондай-ақ оларға сот жүйесінің дамуына қосқан қомақты үлестері үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, өз қызметтерін адал атқарып, қоғамдық жұмыстарға араласа білгені үшін Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Т.С.Сұлтанова мен А.Б.Бексұлтанованы және жетекші маман А.О.Запенова мен мұрағатшы А.С.Давлетбаевны Тараз қалалық маслихатының атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Іс-шара соңында сот төрағасы ұжымға сот жүйесін дамыту қызметінде одан әрі табыстар тіледі.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]