Республика күні – елдіктің еңселі мерекесі
Республика күні – Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн еліміздің тәуелсіздікке бастаған тарихи қадамын, мемлекеттілігін нығайту жолындағы ұмтылысын және халқымыздың бірлігі мен ынтымағын білдіреді.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл тарихи құжат Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалап, тәуелсіздікке жол ашты. Осыған орай 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтіледі.
Республика күні – ел тарихын құрметтеп, өткенімізді бағалайтын және болашаққа сеніммен қарайтын ерекше күн. Бұл мереке әрбір азаматқа Отан алдындағы жауапкершілігін сезінуге, елдің дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосуға үндейді.
Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы – бейбітшілік, тұрақтылық және халықтың бірлігі. Еліміздің жарқын болашағы әр азаматтың адал еңбегіне, отансүйгіштігіне және мемлекетіміздің дамуына деген жауапкершілігіне байланысты.
Республика күні барша қазақстандықтарға патриотизмнің, бірліктің және ортақ мақсатқа ұмтылудың маңызын еске салады. Еліміздің егемендігі нығайып, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Республика күні құтты болсын!
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының әкімшісі басшысының орынбасары С.М.Турумов
[xfvalue_img]
