Республика күні

Республика күні

25 қазан – Республика күні!

Биылғы жылы Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде үшінші рет аталуда.

2022 жылдың 16 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында Республика күні мерекесін қайта атап өтуді ұсынды. «Республика күнін қайтарудың маңызы зор. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. 2022 жылдың 29 қыркүйегінде  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінде кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған еді. Аталған заңға сәйкес Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

Тарихқа үңілсек, 1990 жылдың 25 қазаны еліміз үшін ерекше дата. Бұл күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат, яғни «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы» Декларациясы қабылданды. Қабылданған Декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды.    

Республика күні 1995 жылдың қазан айынан бастап ұлттық мереке мәртебесінде тойланып, 2001 жылы 13 желтоқсанда мемлекеттік мерекелер қатарына енген Республика күні 2009 жылы 22 сәуірде Президенттің бұйрығымен ол статусынан айырылды. Осылайша, Республика күні мемлекеттік мейрам қатарынан алынып тасталды. Тарихи сәт! 2022 жылы араға 13 жыл салып, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

Барлық Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшаларын еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын!

Данара Уразаева 

Орал қаласының мамандандырылған

тергеу соты әкімшісінің жетекші маманы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

11 пікір

  1. аватар
    Tyrone 2 августа 2026 05:30

    References:


    Calgary casino https://postjung.com/paycc/paypal-cancel.php?go=https://jobs.careerincubation.c
    om/employer/online-casino-ohne-download-instant-play-casinos-2026/

  2. аватар
    Rolland 19 августа 2026 14:38

    According to Peadar Livingstone, the territory of
    Fermanagh became disputed between these groups and the previously ruling Fir Manach people.

    Most significantly for the Fir Manach, the kingdoms of Airgíalla (under
    the descendants of the Three Collas), the kingdom of Ailech (under the Uí Néill) and the kingdom of
    Connacht (under the Uí Briúin) arose. According
    to the Book of Glendalough (also known as the Rawlinson B
    502) a genealogy is provided for the early Manach people and
    they claim descent from Dáire Barrach, the son of Cathair Mór, High King of Ireland.
    The original Fir Manach or Fear Manach, that is to say the Manach or Monaigh people in the north of Ireland,
    claimed descent from the Laighin of Leinster.
    The Inish Lodge is a six person scandinavian style lodge set within an Irish heritage forest.


    References:
    payidpokies1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.