Ашық сот жүйесі жұртшылықтың сот саласына деген сенімін күшейтті

Ашық сот жүйесі жұртшылықтың сот саласына деген сенімін күшейтті

Әділетті Қазақстанның іргесі берік, еңсесі биік  болуының басты кепілі – ашық сот жүйесі. Өйткені, ел азаматтары ең бірінші әділдікті соттан күтеді, сенім артады. Әділетті қоғамның негізгі өлшемі заң мен тәртіп болғандықтан, заң алдында барлық адам тең құқылы болуы тиіс. Сол себепті сот органдары халықтың басты қорғаны болуы керек. Мемлекет басшысының сот саласындағы ашықтыққа айрықша мән беруінің нәтижесінде елімізде бұл саладағы барлық реформа бұқараның көз алдында өтіп жатыр. Заманның ағымына сай, еліміздің сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар жұртшылықтың сот саласына деген сенімін күшейтіп келеді.

Судьялардың тәуелсіздігі  нығайтылды

Сот саласындағы басты жаңашылдықтың бірі судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шаралары тек бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізілетіні. Бұл өзгеріс «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы Конституциялық заңмен бекітілді. Заңға сәйкес құқық қорғау органдары бас прокурордың санкциясынсыз бірде бір судьяға қысым көрсете алмайды. Осы заң аясында аудандық соттың төрағаларын кадр резервіндегі және өз-өзін ұсынған азаматтардың арасынан сайлау тетігі енгізілді. Судья қауымдастығы сот төрағалығына үміткерді өзі ұсына алады. Тағы бір жаңашылдық сенатқа Жоғарғы соттың судьяларын баламалы негізде сайлауға мүмкіндік берілді. Бұған қоса судьяларды үздіксіз кәсіби оқыту және халықаралық тәжірибені енгізу арқылы сот төрелігінің сапасын арттыру қолға алынды.

Электронды сот процестері жетілдірілді.

Еезеңдерін, яғни қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеуден бастап, сот үкімінің шығарылуына дейін цифрландыруға мүмкіндік беріп отыр.

Істердің басым бөлігі электронды түрде түсуіне байланыс­ты электронды сот залдары жасақталған.

Сот жүйесіндегі электрондық нысанның ерекшелігі – ақпараттық жүйе істерді цифрлық нысанда сақтайды және жоғары деңгейлі қауіпсіздікке ие. Барлық үдерістік құжаттар электрондық карточкада сақталады, сот актілері соттың базасына дер кезінде салынады. Бұл жаңашылдық сот жүйесі мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынастың ашықтығын қамтамасыз етуге жағдай жасап отыр.

Сот процесі ашық онлайн режимде трансляцияланды

Ашық сот жүйесі бойынша барлық мүдделі адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері сот отырысы залына еркін кіре алады. Яғни, кез келген адам отырысқа қатысуға құқылы. Ағымдағы жылы қазақстандық соттар алғаш рет сот процестерін ашық онлайн режимде трансляциялады. Сот жүйесі мемлекеттік тәртіптің басқа элементтерімен қатар қоғаммен бірге жүйелі түрде өзгеріп отырады. Елдегі сот ісін жүргізудегі ашықтық әділдікті, халықтың сот төрелігіне сенімін қамтамасыз етуде және заңды органдардың іс-әрекетіндегі ашықтықты сақтауда басты рөл атқарады.

Еліміздегі  ашық сот процестері қоғамға оң әсер етіп, жұртшылықтың құқықтық сауатын көтеріп, судьялар мен құқық қорғаушыларға қойылатын талаптарды күшейтуге үлес қосып, қоғамда әділдік пен тәртіптің орнауына кепіл болады.

Айта кетейік, 2007 жылдың 1 қаңтарында, елімізде алқабилер соты енгізілген. Бұл институт та өз жұмысын жоғары дәрежеде атқарып келеді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты әкімшісінің

аға сот приставы А.С. Казыбеков

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.