Соттың тәуелсіздігі — әділдіктің кепілі
Сот билігінің тәуелсіздігі – құқықтық мемлекеттің басты қағидаларының бірі. Егер сот жүйесі өз бетінше, ешқандай ықпалсыз жұмыс істесе, қоғамда әділеттілік пен заңдылық үстемдік етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлек жүзеге асырылады. Судьялар ешкімге тәуелді емес, тек заңға ғана бағынады. Бұл сот жүйесінің ашық, бейтарап жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Соттың тәуелсіздігі үшін мемлекет тарапынан түрлі кепілдіктер беріледі: судьяларды қорғайтын заңдар, өмір бойына тағайындау, материалдық қамтамасыз ету, қызметіне заңсыз араласуға тыйым салу. Сонымен қатар, судьялардың ар-ождан бостандығы мен шешім қабылдаудағы еркіндігі де соттың шынайы тәуелсіздігін көрсетеді.
Сот жүйесі тек тәуелсіз болған жағдайда ғана әділетті шешімдер шығара алады. Сондықтан сот билігінің дербестігін қамтамасыз ету – мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі.
Соттың тәуелсіздігі – халықтың билікке деген сенімін арттырудың негізгі шарты. Тәуелсіз, әділ әрі бейтарап сот – құқықтық мемлекеттің іргетасы.
Қазіргі цифрлық дәуірде барлық салада ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Соның бірі – сот жүйесінде электрондық форматқа көшу. Бұл жаңашылдық сот төрелігін жүзеге асыруда тиімділікті арттырып, ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз етеді.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы: Граф А.А.
[xfvalue_img]
