Кассациялық сот туралы
Қазақстан Республикасының Президентінің Халыққа арнаған жолдауларында елімізді әділетті сот жүйесін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды жақсартуға бағытталған тапсырмалар беріліп келеді.
2022 жылдың қыркүйектегі Президент жолдауының бесінші бағдары Заң және тәртіп деп аталады. Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет деді. Сот саласына енгізілген реформалардың ең басты мақсаты – сотқа жүгінген азаматтардың құқығы мен бостандығын сапалы қорғау.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңының қабылданғанына биыл 25 жыл болады.
Осы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына 2024 жылғы 5 шілдеде № 109-VIII Заңымен Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы Конституциялық Заңның 2-1-тарауы Кассациялық соттар деп толықтырылды.
Бұл заң негізінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының кассациялық саты ретіндегі жұмысы тоқтатылып, 1 шілде 2025 жылдан бастап Кассациялық соттар қызметіне кіріседі.
Кассациялық соттың негізгі міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын тексеру. Апелляциялық соттардың шешімдерін құқықтық тұрғыдан бағалап, заң талаптарына сай болуын қадағалайды. Кассациялық инстанция сот қателіктерін түзетіп, заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кассациялық соттар сот шешімдерін қосымша тексеру арқылы заңдылық пен әділеттікті орнатуға жол ашады.
Жаңа кассациялық сот қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш сот болады және істер алдын ала қараусыз, бірден үш судьядан тұратын алқаға жібереледі. Істерді қарау мерзімі алты айдан аспауы тиіс. Сот талқылауы тараптардың қатусыумен өткізіледі.
Аталған сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Бұл өзгерістер әділетті қоғам құру жолында атқарылып жатқан реформалар және сот төрелігін іске асыру сапасын арттырып, азаматтардың соттарға деген сенімін нығайту.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық сотының судьясы Гүлжихан Сагитова
[xfvalue_img]
