Еңбегіне қарай — құрмет
23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні. Бұл — мемлекеттің басқару жүйесінде, заң мен тәртіптің үстемдік құруында тер төгіп жүрген жандардың кәсіби мерекесі. Осы айтулы күн қарсаңында Батыс Қазақстан облысы, Сырым аудандық сотының Сот әкімшісі басшысы Вебер Жанна-Мари Александровнаның есімін ерекше атап өтуге болады.
Сырым ауданының сот жүйесінде тапжылмай қызмет етіп келе жатқан Жанна-Мари Александровнаның 23 жылдық еңбек өтілі — бұл үлкен жауапкершіліктің, кәсіби тұрақтылық пен мамандыққа деген шексіз адалдықтың айғағы. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде ол қарапайым маманнан бастап, бүгінгі таңда сот аппаратының жұмысын заманауи талаптарға сай үйлестіріп отырған білікті басшы деңгейіне көтерілді.
Сот әкімшісінің басшысы — сот төрелігінің үздіксіз жұмысын,ұйымдастырушылық, сот отырысы хатшыларының, бас маман мен сот приставтарының жұмысын және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін үйлестіретін маңызды тұлға. Ол кадрлық мәселелерден бастап азаматтардың арыз-шағымдарын қарауға дейінгі кең ауқымды қызметті басқарады.
Жанна-Мари Александровна Вебер — тек өз ісінің шебері ғана емес, сонымен бірге ұжымның ұйытқысы, жас мамандардың қамқор тәлімгері. Оның басшылығымен Сырым аудандық сотының әкімшісінің жұмысы сағат механизміндей дәл әрі ашық жұмыс істеп келеді. Сот жүйесін цифрландыру, электронды құжат айналымы мен сот отырыстарын аудио-бейнежазба құралдарымен қамтамасыз ету бағытындағы нәтижелі жұмысы және келушілерге қолайлы жағдай жасалуын да жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Ұжымдағы ауызбіршілікті, іс қағаздарының заңдылығын және азаматтардың арыздарынның және сот актілерінің уақытылы орындауды басты орынға қойды.
Көп жылғы қажырлы еңбегі мен сот төрелігін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Сот әкімшісінің басшысы Н.Ахметзакировтың «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен және бірнеше мәрте Қазақстан Республикасы Сот әкімшісінің басшысының және Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасының Құрмет грамотасымен және де көптеген алғыс хаттармен марапатталды.
Жанна-Мари Александровна заң үстемдігін қамтамасыз етуде мемлекеттік қызметшінің беделін әрдайым биік ұстай біледі.
«Еңбегіне қарай — құрметі» демекші, кәсіби мереке қарсаңында Жанна-Мари Александровнаны 23 жылдық жемісті еңбегімен құттықтаймыз. Оның өмірлік және кәсіби жолы — бүгінгі жас мемлекеттік қызметшілер үшін нағыз өнеге мен тағылым мектебі.
БҚО Сырым аудандық соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы А.Т.Ишангалиева
[xfvalue_img]
