Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне өзгерістер енгізу туралы
Сырым аудандық сотында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Сырым аудандық сотының төрағасы Б.Е.Баймуханова, аудандық соттын судьясы Т.К.Ниязов, Сырым ауданының прокуроры Н.Байменов, аудандық әкім аппаратының өкілі Ж.Мухамбетжанов, аудандық білім беру бөлімінен А.Максотова, «Сырым елі» қоғамдық саяси газетінен М.Айташев, Медиатор А.Батыршин және аудандық соты қызметкерлері түгелдей қатысты.
Төрайым Б.Е.Баймуханова жиналысты ашып, ағымдағы жылдың 10 маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылғандығын айтып өтті.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жөнінде жеке жеке тоқталып түсіндірді. Сонымен қатар, АПК-нің жалпы ережелері азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірімен– істерді толық және уақытылы шешумен толықтырылған, сондай-ақ тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қағидатына жаңа мазмұндама берілгенін мәлімдеп, түсіндіріп өтті.
Алдын ала рахмет, құрметпен БҚО Сырым аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Жанна-Мари Вебер
[xfvalue_img]