«Тіл –өлшеусіз қазына » тақырыбына өткізілген дөңгелек үстел
Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы Ж-М.Вебер «Тіл –өлшеусіз қазына» тақырыбына Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханасында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Сырым ауданы жергілікті полиция қызметінің басшысы м.а, Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханасынын менгерушісі, «Сырым ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы , Кірістер басқармасының басшысының орынбасары,аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің» бас маманы, аудандық әкім аппаратының бас маманы, жер қатынастар бөлімі маманы, Сырым аудандық сотының бас маманы қатысты.
Дөңгелек үстелді өткізу басты мақсаты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тілде құжат айналымының жүргізілуі мен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
Өз сөзінде аудандық соты әкімшісінің басшысы Ж-М.Вебер өз баяндамасында мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарын жүргізу тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, сотқа жүгінген кезде ресми құжаттар, арыздар, өтініштер, сұраныстар, хаттар мемлекеттік тілде рәсімделу қажеттілігі туралы айтып, сонымен қатар «Сот кабинеті» жүйесін пайдалану тәртібі туралы қысқаша баяндап берді.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолдары мен электрондық хат-алмасу мәселелері талқыға салынды.
Жанна-Мари Вебер
Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]
24 пікір