Мемлекеттік тіл – кәсіби жауапкершілік негізі

Мемлекеттік тіл – кәсіби жауапкершілік негізі

Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – еліміздің стратегиялық бағыттарының бірі. Бұл міндет сот жүйесінде қызмет атқаратын мамандарға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі сот саласы – азаматтардың құқықтары қорғалатын, заң үстемдігі жүзеге асырылатын маңызды мемлекеттік құрылым.

Сот саласындағы мамандар үшін мемлекеттік тілді жетік меңгеру – тек қызметтік талап емес, кәсіби мәдениеттің айқын көрінісі. Судьялар, сот отырысының хатшылары, сот әкімшілігінің қызметкерлері және басқа да сала мамандары күнделікті жұмыс барысында түрлі құқықтық құжаттармен жұмыс істейді, азаматтармен байланыс орнатады, сот процестерін жүргізуге қатысады. Осындай қызмет барысында мемлекеттік тілді сауатты қолдану сот ісінің сапасы мен ашықтығына тікелей әсер етеді.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу азаматтарға құқықтық көмек алуды жеңілдетіп, сот жүйесіне деген сенімді арттырады. Сонымен қатар бұл құқықтық терминологияның дамуына, ресми құжаттардың сапалы дайындалуына және ұлттық құндылықтардың дәріптелуіне ықпал етеді.

Сондықтан сот саласындағы әрбір маман мемлекеттік тілді терең меңгеріп, оны кәсіби қызметінде тиімді қолдануға ұмтылуы қажет. Бұл – заң талаптарын орындаумен қатар, ел болашағына қызмет етудің маңызды көрінісі. 

БҚО, Жаңақала аудандық сот әкімшісінің басшысы С.Танатарова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.