Сот қызметіндегі мемлекеттік тілдің орны мен маңызы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл сот жүйесінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің, әділ сот төрелігін жүзеге асырудың маңызды тетігі болып табылады. Сондықтан сот қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолындағы басты міндеттердің бірі.
Сот органдары – қоғам мен мемлекет арасындағы құқықтық байланысты жүзеге асыратын маңызды институт. Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы азаматтардың сотқа деген сенімін арттырып, олардың өз құқықтарын толық әрі еркін қорғауына мүмкіндік береді. Қазақ тілінде өтініш беру, талап арыз жазу, сот отырысына қатысу – әрбір азаматтың заңмен кепілдендірілген құқығы.
Бүгінгі таңда сот жүйесінде іс жүргізу мемлекеттік тілде немесе тараптардың келісімі бойынша мемлекеттік тілде жүзеге асыру міндетті. Дегенмен, мемлекеттік тілдің басымдығын қамтамасыз ету – сот қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі. Бұл бағытта сот актілерін, шешімдер мен қаулыларды, ресми құжаттарды қазақ тілінде сапалы әрі сауатты әзірлеу аса маңызды.
Сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді жетік меңгеруі – қызмет сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Осы мақсатта тілдік оқыту курстары, семинарлар мен біліктілікті арттыру шаралары жүйелі түрде өткізіліп келеді. Бұл мемлекеттік тілде құқықтық терминологияны дұрыс қолдануға, сот құжаттарының мазмұнын нақты әрі түсінікті жеткізуге ықпал етеді.
Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің айнасы. Ол әділдік пен заңдылықтың, ашықтық пен қолжетімділіктің кепілі. Сондықтан сот саласында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту – тек тіл саясатының емес, сонымен қатар құқықтық мәдениетті арттырудың маңызды бөлігі болып табылады.
Қорытындылай келе, сот қызметінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – уақыт талабы. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс азаматтардың құқықтық санасын нығайтып, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне деген қоғамдық сенімді арттыра түседі.
Батыс Қазақстан облысының Жаңақала аудандық соты әкімшілігінің бас маман сот отырысының хатшы А.Т.Мендалиев
[xfvalue_img]
