Сот қызметкерлері және мемлекеттік тіл!
Сот жүйесінде қызмет атқаратын әрбір маман үшін мемлекеттік тілді меңгеру – кәсіби міндет әрі азаматтық жауапкершілік. Судья, сот отырысының хатшысы, кеңсе қызметкері немесе атқарушы маман болсын, барлығының қызметі азаматтардың құқықтарын қорғауға тікелей байланысты. Осы орайда мемлекеттік тілде сапалы әрі сауатты қызмет көрсету – әділ сот төрелігінің маңызды көрсеткіші.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылуы тиіс. Сот қызметкерлері арыздарды, өтініштерді, хаттамаларды, сот актілерін мемлекеттік тілде дұрыс рәсімдеп, азаматтарға толық әрі нақты ақпарат беруі қажет.
Мемлекеттік тілді жетік меңгерген сот қызметкері азаматпен еркін қарым-қатынас орнатып, сот процесінің ашық әрі түсінікті өтуіне ықпал етеді. Бұл өз кезегінде сот жүйесіне деген сенімді нығайтып, құқықтық мәдениетті арттырады. Сонымен қатар мемлекеттік тілде жұмыс істей алу – сот қызметкерінің кәсіби біліктілігінің маңызды өлшемі.
Мемлекеттік тіл – соттағы әділдіктің діңгегі. Оны құрметтеу арқылы сот қызметкерлері ұлттық құндылықтарды сақтап, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтады. Сот саласында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу – әрбір қызметкердің ортақ міндеті. Қызмет барысында қазақ тілін күнделікті қолдану, құжаттарды сауатты рәсімдеу және тілмәдениетін сақтау – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің нақты қадамдары.
Мемлекеттік тіл – тек қарым – қатынас құралы ғана емес, әділдіктің айнасы. Қазақ тілінің беделін арттыру – ұлттық мүддені қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және болашақ ұрпаққа үлгі көрсету деген сөз.
Қорытындылай келе, сот қызметкерінің мемлекеттік тілге деген құрметі – заңға, әділдікке және халыққа деген құрметтің көрінісі. Мемлекеттік тілде қызмет ету – кәсіби абырой мен жауапкершіліктің белгісі.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің бас маманы
Тлемберлиева Алия Артуровна
[xfvalue_img]
