Мемлекеттік тілді дамыту – қазіргі замандағы өзекті мәселе
Мемлекетіміздің ішкі саясаттағы басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейту болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал»,- деген болатын. «Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз»-, деді Мемлекет басшысы.
Бүгінде ана тілін, халқымыздың әдет-ғұрпын, ұлттық салт-дәстүрін, ділін насихаттап, сақтап қалу ісіне белсене араласып, өз үлесін қосып келе жатқан қоғамдық ұйымдардың бірі –Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы мен Тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасын жүзеге асыруда, өңірдегі бірден-бір білім ордасы Университетімізде Халықаралық қазақ тілі қоғамының бастауыш ұйымы құрылып, мемлекеттік тілді дамытуға арналған біршама істерді атқарып келеді. Оның ішінде болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын, филологтарды даярлап отырған Қазақ филологиясы кафедрасының профессор-оқытушылары тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын жаңа қоғамға лайықты етіп тәрбиелеу, оның дүниетанымын, көзқарасын, ақыл-ойын қалыптастыру, бар күш-жігерін туған жері мен елі ұшін жұмсауға үйрету, туған тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен дінін қадірлеуге баулуды басты міндет етіп келеді
2022 жылдың қыркүйек айында «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы мен Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, арасындағы мемлекеттік тілді дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ жасақталды.
«Қоғамның басты мақсаты – қоғамдық сана мен ұлттық сананы ояту, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы мен мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, мемлекеттік тіл ретінде республикада қазақ тілінің толыққанды қызмет етуіне қажетті жағдайлар жасалуына ықпал ету» деп белгіленген міндеттерін орындап жатыр.
Ең басты міндетіміз мемлекеттік тілдің барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздар мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғашқы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі дер едік. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіштері. Yessenov University брендімен «ашықтық, ықыластылық, креативтілік» сынды құндылықтарды ұлықтап, қазақстандық жоғары білім саласында өзіндік орнын айқындай алған оқу орны бүгінде өңіріміздегі жоғары білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығына айналып отырған университеттегі барлық құжаттар айналымы 100 пайыз мемлекеттік тілде жүреді. Бүгінгі күні талапқа сәйкес барлық құрылымдық бөлімшелерінде барлық іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Орал қалалық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы М.К.Жаскайратова
[xfvalue_img]
