Мемлекеттік тіл –еліміздің ертеңі

Мемлекеттік тіл –еліміздің ертеңі

 

«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады»

Қ.Тоқаев

 

Анамыздың сүтімен, тәтті үнімен дарып, ұрпақтан ұрпаққа аманат болған асыл мұрамыз, ол біздің ана тіліміз-қазақ тілі. Өз ана тіліміз арқылы өз ұлтымыздың тарихы мен тағдыры, ата-бабамыздың ұрпағына артқан үмітімен, арманын көреміз.

Бүгінде тәуелсіз ел болып, ата-бабамыздың арманы болған бейбіт өмірді сүріп жатырмыз. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері қазақ тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Осының арқасында қазақ тілі дамып, оның қоғамдық маңыздылығы арта түсті.

         Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді қолданудың айналасындағы айтыс-тартыстар мен көптеген пікірлер осы уақытқа дейін толастамай келеді.       Өйткені, тіл мәселесі –елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселелерінің бірі.

         Тәуелсіз еліміздің көп ұлтты мемлекет екені белгілі. Сондықтан, Ата Заңымыз-Конституцияның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.  Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы атап көрсетілген. Мұны егер қажеттілік болған жағдайда ғана ресми түрде қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады деп ұғынғанымыз абзал.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты қамқор жасау бүгінгі күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін арнайы қабылдаған бағдарлама мен іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ міндет.

Мемлекеттік тіл – тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тіл Қазақстан Республикасында тұратын таза ниеті бар әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

Қазақ тілі - бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған мұрасы, аманаты, бүгінгі күннің мерейі, ертеңгі күннің кепілі. Оны қастерлеп, қадірлеп келер ұрпаққа жеткізу барлығымыздың ұлт алдындағы парызымыз.

Ақмола гарнизоны әскери  сотының бас маман-сот отырысының хатшысы А.Сайлауова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.