Ашық сот отырысы: қоғам мен заң алдындағы жауапкершілік
Қазіргі таңда сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы – құқықтық мемлекет қағидаттарының негізі. Сот отырыстарының ашық түрде өткізілуі қоғам тарапынан бақылау жасауға, азаматтардың сот процесіне деген сенімін арттыруға септігін тигізеді.
Ашық сот процесі — заңмен белгіленген шектеулерді есепке алмағанда (мысалы, кәмелетке толмағандардың істері немесе мемлекеттік құпияға байланысты), барша азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін қолжетімді. Бұл — сот әділдігінің жариялылығын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы.
Сот залында азаматтардың қатысуы сот процесінің заңдылығы мен әділетті өтуіне кепіл болады. Сонымен қатар, ашықтық судья мен тараптардың өз әрекеттері үшін қоғам алдында жауапты екенін еске салады.
Сот жүйесінің қолжетімді әрі ашық болуы — демократиялық қоғамның даму көрсеткіші. Бұл тек құқықтық тәртіптің емес, сонымен қатар халықтың сот билігіне деген сенімінің артуына ықпал етеді.
Қорытындылай келе, ашық сот отырысы – әділеттіліктің, заң үстемдігінің және қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы
А.Т. Утегенова
[xfvalue_img]
