Заманауи технологиялардың мүмкіншіліктері және артықшылықтары
Қазіргі таңда сот жүйесін халыққа қолжетімді, ашық етудің мақсатында сала жұмысына заманауи ақпараттық технологиялардың енгізілгені белгілі.
Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот ісін жүргізуді жеңілдету, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге ықпал етеді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік жасайды.
Қарапайым ғана мысал ретінде SMS хабарламаны алайық, осы уақытқа дейін тараптарға хабарламалар пошта арқылы жөнелтіліп отырған. Бұл біріншіден уақытты қажет етеді. Кейін қаражатты талап етеді. Алды енді бүгінгі күні хабарламаны SMS арқылы бірден азаматтарға жіберіп, сотқа шақырту процесі әлдеқайда жеңілдеді.
Сонымен қатар, бәрімізге белгілі «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі оның көмегімен азамат, оның өкілі немесе адвокаты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы өтініш, шағым немесе өтінішхатты электронды түрде жіберіп қана қоймай, онлайн режимінде мемлекеттік бажды төлеу, сот құжатын қарау, сондай-ақ iстiң мәртебесi мен сот актiсiн басып шығарумен қатар процестік мерзімдерді бақылау сынды қызметтерді атқарады. Бұл ақпараттық сервистің бір артықшылығы- ол қағаз құжатайналымын, әуре-сарсаңды, уақыт және материалдық жағынан шығындарды болдырмайды.
Сот саласындағы жүргізіліп жатқан тың реформалар мен жаңашылдықтар құқықтық саясаттың басты қағидаттарын басшылыққа алып, мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға бағытталған. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде демократиялық және құқықтық мемлекеттің сұранысына сай жасақталған сот жүйесі қалыптасып, тұтастай алғанда толық қанды жұмыс атқарып келеді.
Ақмола гарнизоны әскери сотының жетекші маманы Н.Жампоз
[xfvalue_img]