Конституция – ел тірегі
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің ең басты заңдық құжаты. Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған бұл құжат Қазақстанның мемлекеттік құрылымын, басқару жүйесін, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітіп берді.
30 жыл ішінде Конституция еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының берік іргетасы болды. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі, азаматтардың теңдігі мен бостандықтары, тіл, дін, ұлтқа қатысты құқықтар – бәрі осы құжатта айқын жазылған.
Осы уақыт ішінде Конституцияға бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл – заман талабына сай ел өмірін жетілдіру мен демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар.
Осы жылдар аралығында қоғам өзгерді, жаңа талаптар мен қажеттіліктер туындады. Соған сәйкес Ата Заң да жаңартылып, заман талабына бейімделіп отырды.
Конституция – тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен қоғамдық келісім орнады. Конституцияда «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп нақты жазылған.
Конституция күні – тек мереке емес, бұл күн – әрбір азаматтың өз елінің заңдарына деген құрметін арттырып, ел болашағына деген жауапкершілігін сезінетін күн.
Ата Заңымыз – еліміздің Тәуелсіздігі мен тұтастығының кепілі.
30 жылдық мерейлі күн – әр азамат үшін Конституцияны құрметтеу мен оны сақтау жауапкершілігін еске салатын маңызды белес.
Қазақстанның Ата Заңы – бұл мемлекеттік органдардың қайнар көзі. Ата Заң – қоғамдық өзара келісім мен азаматтардың теңдігінің нышаны. Конституция – біздің шынайы өміріміз бен әлемдік деңгейдегі беделіміздің айқын көрінісі, жарқын болашағымыздың кепілі.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің бас маманы
Тлемберлиева Алия Артуровна
[xfvalue_img]

2 пікір