Сот өндірісінде медиацияның тиімділігі

Сот өндірісінде медиацияның тиімділігі

Бүгінгі таңда қоғамда туындайтын даулар мен жанжалдарды шешудің балама тәсілдері ерекше маңызға ие болуда. Осындай тәсілдердің бірі – медиация. Медиация – екі тарап арасындағы дауды шешу үшін бейтарап тұлғаның, яғни медиатордың көмегімен өзара келісімге келу процесі. Бұл әдіс сот өндірісіне қарағанда тиімді, жылдам және қарапайым болып саналады.

Сот жүйесінің жүктемесі жылдан-жылға артып келеді. Азаматтық және әкімшілік істердің саны өсуде, бұл өз кезегінде істерді ұзақ қарауға және сот шешімдерінің кеш шығуына алып келеді. Осы тұрғыда медиация – сот өндірісіне балама, сонымен қатар сот ісін жеңілдететін маңызды құрал. Медиация арқылы тараптар дау-дамайын сотқа жеткізбей-ақ, бейбіт түрде шеше алады.

Медиацияның басты артықшылықтарының бірі – уақыт пен шығынды үнемдеу. Сот процесі бірнеше айға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін, ал медиация бірнеше кездесудің нәтижесінде шешілуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл рәсім құпия түрде өтетіндіктен, тараптар арасындағы ақпарат ашық жарияланбайды. Бұл, әсіресе, іскерлік қатынастар үшін өте маңызды.

Тараптардың өзара келісімге келуі арқылы қабылданған шешім сот шешіміне қарағанда тиімдірек болуы мүмкін. Себебі медиация нәтижесінде қабылданған келісім екі жақтың мүдделеріне сәйкес жасалады және өзара түсіністікке негізделеді. Бұл болашақта дау туындау қаупін азайтады.

Қазіргі кезде медиация отбасылық, еңбек, азаматтық және тіпті кейбір қылмыстық істерде де қолданылып жүр. Мысалы, отбасындағы ажырасу, бала тәрбиесіне қатысты даулар, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы мәселелер – осындай жағдайларда медиация тиімді нәтиже бере алады. Қылмыстық істер бойынша жәбірленуші мен күдіктінің өзара келісімі арқылы істі тоқтату мүмкіндігі заңмен қарастырылған.

Қазақстанда медиацияны дамытуға бағытталған нақты қадамдар жасалуда. «Медиация туралы» заң қабылданып, арнайы оқытылған кәсіби медиаторлар жұмыс істеуде. Медиация орталықтары ашылып, халық арасында оның маңыздылығы түсіндірілуде. Қазіргі таңда, соттарда татуластырушы судьялар арқылы медиация қолдануда.

Медиация – дауласқан тараптарды қайта татуластыратын, қоғамда тыныштық пен бірлікті сақтауға ықпал ететін тиімді тәсіл. Ол сот жүйесіне түсетін салмақты азайтып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғайтын балама жол болып табылады.

Қорытындылай келе, медиация сот өндірісінде тиімді шешім қабылдауға, халықтың сотқа деген сенімін арттыруға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Болашақта осы институттың кеңінен дамуы еліміздегі құқықтық реформалардың басты бағыттарының бірі болып қала береді. 

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының

бас маманы Г.Торжимбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.