Медиация және келісімге келу талаптары
Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.
Медиация (лат.тілінен mediare – делдалдық ету) - өз ерікті келісімі негізінде үшінші бейтарап әділ тарап - медиатордың (делдалдың) көмегімен олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында дауларды соттан тыс шешу түрі. Медиация тәсілдері, ең алдымен, ынтымақтастық арнасында келіссөздерді жүргізуге арқа сүйейді. Медиация – бұл келіссөздер процесі, мұнда делдал- медиатор ұйымдастырушы болып келеді және тараптар тиімді шындыққа негізделген және екі жақтың да мүддесін қанағаттандыратын келісімге келетіндей келіссөздерді басқарады, оны орындау нәтижесінде тараптар өздерінің арасындағы жанжалдарды реттейді. Медиацияның артықшылықтары: Тараптардың өндiруде және шешiм қабылдауда қатысулары.Сотта жанжалды шешу кезінде, тараптарға тек айғақтарды ұсынып және өз позицияларын қорғауға ғана мүмкіншілік беріледі. Шешім шығарылған кезде тараптардың бірі кез келген жағдайда ұтылып қалады. Медиацияны жүргізу тараптарға өз ерікті екі тарапты да қанағаттандыратын келісім жасауға мүмкіншілік береді.
Қазіргі кезде медиация бойынша келісімге келу практикасында бұл рәсімді қолдану көбейіп келе жатыр.
Медиация тараптары медиаторды (медиаторларды) ерікті түрде таңдауға; медиатордан бас тартуға;медиацияның кез келген сәтінде оған қатысудан бас тартуға; медиацияны жүргізуге жеке өзі немесе өкілеттіктері заңда белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатқа негізделген өкілдері арқылы қатысуға; дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған кезде сотқа немесе оған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медиация жүзеге асырылған, іс жүргізуінде жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жүгінуге құқылы болып табылады.
Медиатор медиацияны жүргізген кезде медиация тараптарының келісімімен ғана әрекет етуге; медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті. Кәсіпқой медиатор медиаторлар қауымдастығы (одағы) бекітетін Медиаторлардың кәсіптік этикасы кодексін сақтауға, сондай-ақ медиаторлар ұйымы белгілеген талаптар бойынша атқарылған жұмыс туралы ай сайын есеп беруге міндетті
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының бас маманы А Салимжан
[xfvalue_img]