Медиация - даулардың шешудің ең тиімді жолы
Медиация - дауларды шешудің ең тиімді жолы болып табылады. Тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында бейтарап тұлға медиатордың көмегімен келіссөздер арқылы дауларды реттеу рәсімі.
Медиацияның қолдану саласы - медиация рәсімі азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қаралатын дауларда жүргізіледі.
Тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету және дауды шешудің медиацияның екі тарапына қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу-медиация мақсаттары болып табылады.
Медиация - тараптардың медиатордың жәрдемдесуімен дауды сотқа дейін, соттан тыс, сот, алдын-ала тергеу және анықтау жұмыстарын жүргізу барысында қолданылатын рәсім. Төленген мемлекетік баж төлемі медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасаған жағдайда салық органдары тарапынан толығымен қайтарылуға жатады.
Медиатор - тараптардың медиация жүргізу үшін тартатын тәуелсіз жеке тұлға. Жоғарғы білімі бар, жиырма бес жасқа толған, медиаторларды даярлау мектебінде оқудан өткені туралы сертификаты бар, сонымен қатар кәсіпқой медиаторлар ұйымында тізімде тұрған кәсіби медиатор болып табылады.
А.А.Шекенова
Мұғалжар аудандық сотының кеңсе маманы
[xfvalue_img]
1 пікір