Сыбайлас-жемқорлық пен күрес!
Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамдағы ең өзекті және қауіпті әлеуметтік мәселелердің бірі. Бұл ұғым әдетте лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасына пайдалануымен, заң мен ережелерді елемей, әділетсіз шешімдер қабылдауымен байланысты. Сыбайлас жемқорлық тек мемлекеттік органдарда ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, бизнес сияқты барлық салаларда кездеседі.
Сыбайлас жемқорлықтың салдары
Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен халық арасындағы сенімділікті бұзады. Ол: Экономикалық дамуды тежейді; Қоғамда теңсіздік пен әділетсіздікті күшейтеді; Инвестициялық ахуалды нашарлатады; Білім мен денсаулық сапасына кері әсер етеді; Заң үстемдігін әлсіретеді. Мысалы, пара беру арқылы жұмысқа тұру немесе ем алу – біліктілігі төмен мамандардың жауапты қызметке орналасуына әкеледі. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын төмендетеді. Сыбайлас жемқорлықтың басты себептері мыналар
Заңның әлсіздігі және бақылаудың жеткіліксіздігі;
• Мемлекеттік қызметкерлердің төмен жалақысы;
• Азаматтық қоғамның әлсіздігі;
• Халықтың құқықтық сауаттылығының төмендігі.
Күресу жолдары
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін кешенді шаралар қажет:
1. Заңды күшейту– парақорлық үшін жазаны қатаңдату және оны бұлтартпау;
2. Ашықтық пен есептілік– мемлекеттік шешімдердің ашық әрі жария түрде қабылдануы;
3. Цифрландыру – қызметтерді электронды форматқа көшіру арқылы адам факторын азайту;
4. Азаматтық бақылау – халықтың белсенділігін арттыру, құқықтық сауаттылықты көтеру;
5. Тәрбие мен білім – жастарды адалдық пен әділеттілікке баулу.
Сыбайлас жемқорлық – жай ғана заң бұзушылық емес, бұл мемлекеттің, ұлттың болашағына қатер төндіретін әлеуметтік дерт. Оның алдын алу – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың міндеті. Әділдік пен адалдықты өмірлік ұстанымға айналдыру арқылы ғана біз сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құра аламыз.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы: Утегенова Ажар Тасболатқызы
[xfvalue_img]

3 пікір