Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекеттің дамуына үлкен кедергі келтіретін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол әділеттілікке қарсы әрекет ретінде адамның ар-ожданына, елдің экономикасына, саяси тұрақтылығына және халықтың билікке деген сеніміне нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық тек дамушы елдерде ғана емес, дамыған мемлекеттерде де кездесетін жаһандық проблема. Бұл құбылыс кез келген елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізеді

Сыбайлас жемқорлық – бұл лауазымды тұлғалардың өз өкілеттігін жеке пайдасы үшін пайдаланып, заң бұзу арқылы басқа адамға артықшылықтар беру немесе заңсыз табыс табуы.

Сыбайлас жемқорлықтың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  • Парақорлық (пара алу және беру);
  • Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану;
  • Қызметтік жалғандық жасау;
  • Жемқорлық жолымен баю және мүлікті жымқыру;
  • Таныстықты пайдалану

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Осы мақсатта түрлі заңдар қабылданып, арнайы мекемелер құрылды. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі белсенді жұмыс атқарып келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресте тек заңдар ғана емес, қоғамның белсенділігі, азаматтық ұстаным да маңызды. Бұл бағытта мынадай шаралар тиімді:

  1. Құқықтық тәрбие мен білім беру жүйесін жетілдіру;
  2. Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету;
  3. Адал еңбекке баулу және моральдық құндылықтарды насихаттау;
  4. Электронды үкімет жүйесін дамыту, бюрократияны азайту;
  5. Журналистік зерттеулер мен БАҚ-тың белсенділігін қолдау.

Қоғамдағы тәртіп пен әділеттіліктің негізі – сот жүйесі. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтардың міндеті.

Қорытындылай келе, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына, әділдікке, адам құқығына үлкен қауіп. Бұл мәселені шешу – біздің болашағымыз үшін маңызды.

Қасымхан Ж. А.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты әкімшісінің сот приставы                        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.