Азаматтардың сотқа талап қою арызымен жүгіну тәртібі

Азаматтардың сотқа талап қою арызымен жүгіну тәртібі

Қазіргі уақытта даулы мәселелер ұлғайып, азаматтардың сот органдарына жүгінуі артып отыр. Оған дәлел сотта қаралатын азаматтық істер санының жыл сайын артуы .

Қазақстан Республкасының Азаматтық процестік кодексінің 148-149 баптарында сотқа тапсырылатын талап қою арызында болуы тиіс мәліметтер және арызбен қоса берілген құжаттардың тізбесі қамтылған.

Талап қою арызы сотқа жазбаша не электронды құжат нысанында беріледі. Арызда арыз берілетін соттың атауы, талап қоюшы мен жауапкер  туралы мәліметтер (аты-жөні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, егер бар болса, егер талап қоюшы мен өкілдің сондай-ақ, егер талап қоюшыға белгілі болса, жауапкердің ұялы телефонының нөмірімен тұрғылықты мекен жайы) егер ол талап қоюшыға белгілі болса) көрсетіледі. Сондай-ақ арызда талап қоюшының заңды мүдделерін және талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; талаптарын негіздейтін мән-жайлар, осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер жайы; егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер, егер мұндай әрекет қабылданған болса; талап бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі; талап арызға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуі тиіс. Талап-арызға талап қоюшы немесе оның өкілі қол қояды.

Азаматтық процестиік кодестиің 149 бабы бойынша талап-арызға қоса келесі құжаттар беріледі: жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қою арызының және қоса берілген құжаттардың көшірмелері, мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; өкілдің өкілеттілігін білдіретін сенімхат; талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар; дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар, егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтамасының көшірмелері.

Талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде судья оны іс жүргізуіне қабылдайды немесе заң талаптарына сай болмаса қайтарады немесе бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Татуласу рәсімдерін жүргізген жағдайда талап қою арызын қабылдау 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Аудандық сот ғимаратының 1 қабатындағы көрнекі жерінде арыз, талап қою арыз үлгілері ілініп, кез-келген азаматтың танысуына өз мақсатына орайластырып жазуына жағдай жасалынған. Сондай-ақ талап қою арыздарының үлгілері аудандық соттың сайтына да орналастырылған.

Қорыта айтқанда, азаматтар сотқа талап қою арызбен жүгінген кезде арызын жоғарыда көрсетіп өткендей Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 148-149 баптарының  талаптарына сәйкестендіріп тапсыруы керек. Бұл арыздың уақтылы және жан-жақты қаралуына септігін тигізеді.

А.Искакова

Жаңақала аудандық соты  әкімшісінің басшысы                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.