Сотта талап қою тәртібі

Сотта талап қою тәртібі

Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы (АПК) азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 13-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда заңдылықты сақтау, істің толық, уақтылы, әділ қаралуын және шешілуін қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

ҚР Азаматық іс жүргізу кодексінің 8 бабының 5,6 тармақтарына сай, талап қою осы Кодексте көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.

Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады.

Сотқа талап қою бойынша талап арыздар беру арқылы жүзеге асырылады және ҚР азаматтық іс жүргізу процестік кодексінің талаптарына сай реттеледі.

Азаматтармен заңды тұлғалар  құқықтарымен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жауапкердің, заңды тұлғаның тұрғылықты жері бойынша талап қоюға құқылы.

Азаматтық іс жүргізу үшін біріншіден, сотқа талап арыз беруден басталады. ҚР азаматтық процестік кодексінің 148, 149 баптарының талабына сай, талап арызда тиісті мәліметтер мен арызға қосымша қойылған талапты қуаттайтын құжаттар және төленген мемлекеттік баж туралы түбіртек тіркелуі тиіс.

Сонымен қатар, сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.

Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

Талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

Жеке тұлғаның, оның ішінде заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның тұрғылықты жері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген қағидалар бойынша айқындалады.

Заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. Заңды тұлға құрмайтын ұйымға талап қою оның орналасқан жері бойынша беріледі.

Талап қоюға қоса берілетін құжаттар

  1. Талап қоюға:

      1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қоюдың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері;

      2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

      3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;

      4) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;

      5) дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы тәртіп заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе;

      5-1) тараптың (тараптардың) татуласуға бағытталған әрекеттерді жасағанын растайтын құжаттар, егер мұндай әрекеттер жасалған болса;

      6) егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талап қоюшының дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;

      7) егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

      1-1. Осы Кодекстің 27-бабының 1-2-бөлігінде көзделген тәртіппен берілетін талап қоюға:

      1) инвестор мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалған инвестициялық келісімшарттың көшірмелері;

      2) инвестордың инвестициялық қызметін растайтын құжаттар қоса беріледі.

  1. Электрондық құжат нысанында берілетін талап қоюға осы баптың бірінші бөлігінің 2) - 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.

Судья талап қою келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.

Татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Сотқа дейінгі хаттама осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес жасалған жағдайда, талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Татуласу рәсімдерін талап қоюды қабылдаған кезде судья осы Кодекстің 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүргізеді.

Талап қоюды бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдап, судья сот ісін жүргізу тілін көрсетумен бірге азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

Талап арыз сот өндірісіне қабылданғаннан кейін, істі жүргізу процесі басталады.

Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.