Өз тіліңді құрметте
Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты. Мемлекетіміздің атрибуттарының бірі десек артық болмас. Өйткені ата-бабамыздан келе жатқан тілімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Басқа ұлт өкілдерінің тілі өз тағында тұр. Қазақстандағы мемлекеттік тіл –қазақ тілі де дәл солай тағында тұруы қажет.
Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аймағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі, рухани қазынасы. Дүние есігін ашқаннан –ақ ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер күшін ана тілінде ұғып, үйренеміз. Ананың ақ сүтімен даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, сөз саптап дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші халық болып саналады.
Сондықтанда, қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі мемлекет қамқорлығы аясында дамып, өркендеуі қажет. Ана тілдің дамуы ұлттық санаға тікелей әсер етеді. Өз ана тілінде тәрбиеленген ұл мен қыз сөз қадірін түсінеді. Бүгінгі таңда тіл экологиясын қалыптастыратын уақыт келді. Өйткені тіл –қарым-қатынас құралы, өз тілің-бірлік үшін, өзге тілің тірлік үшін дегендей, қазақ халқы үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Тіл туралы қанша айтсақта, жазссақта көптік етпейді, ол өлшесіз қазына өрісі кең әлем.
Бүгінде сот жүйесінде іс-қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін құжаттар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақтарының хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасулар тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Бұл маңызды мәселе. Жұмыс барысында мемлекеттік тідің мәртебесін көтеру –бәрімізге ортақ міндет.
Сондықтанда, мемлекеттік тілімізді ардақтап, дәріптеп, мәртебесін жоғары ұстауға тиіспіз деп есптеймін.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
бас маманы
Анаргүл Қайырғалиқызы Ахонова
[xfvalue_img]
