Мемлекеттік тілімізді құрметтейік

Мемлекеттік тілімізді құрметтейік

Біздің  Республикамыздың  мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз. Тілдің дамуы  мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын жүргізуді  қазақ тіліне кезең – кезеңмен көшіруді көздейтін Мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі.

Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау – қамқорлық аясын тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге тиіспіз.

Қазақ тілін қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  Казталов аудандық соты  жоспар қабылдап, тіл мамандарын қатыстырып семинар сабақтар өткізіледі. Сотта іс толығымен қазақ тілінде жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу толық қазақ тіліне көшкен, іс қағаздары орыс тілінде түссе де мемлекеттік тілде тіркеледі, облыстық сотқа ақпараттар, хаттар, басқа да іс қағаздары мемлекеттік тілде жіберілуде.

Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда,  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын. Қазіргі кезде басқа тілді үйренуге еш шектеу қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса, нұр үстіне нұр болары анық.   

Қаженов Руслан Сайфетдинұлы 

БҚО, Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.