«Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі»
Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекетінің тілі болып саналады. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.
Мемлекеттік тіл- мемлекетіміздің бүкіл аумағында қоғамдық қатыстардың барлық саласында қолданылады, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан мемлекеті халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Лауазымды адамның тіл білмеймін деген сылтауымен құжаттарды сауал салуды, өтініштерді немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәні бойынша қарауына жол берілмейді. Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктеме мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, аудармашының қызметін тегін пайдалануға құқылы, сол сияқты онымен қымтамасыз етіледі.
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиді. Қазақ тілі-халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра.
Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзінің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас туған тіліңді білуден басталады. Тіл-халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық.
БҚО Бөрлі аудандық соты әкімшісінің басшысы А.Н.Оразбек
[xfvalue_img]
