КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына 2024 жылдың 5 шілдесінде 109-VIII Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен енгізілген үлкен өзгерістерге сәйкес, 2025жылдың 1 шілдесінен бастап апелляциялық және қайта қараудың біріңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот құрылады.
Кассациялық сотқа істер алдын-ала қараусыз үш судьядан тұратын алқаға тікелей түсетін болады.
Кассациялық сотқа соттың қаулысына қанағаттанбаған тараптар апелляциялық алқадан кейін шағымдана алады. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады.
Кассациялық сот- сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілудің сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, төмендегі саты шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі болмақ.
Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ кассациялық соты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс -талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады. Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады. Бұл сот- сот жүйесін заңсыз шешімдерден тазарту функциясында қызмет атқарады деп жоспарлануда. Төменгі сатыдағы соттың шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін. Осылайша, кассациялық сот заң тәжірибесінде, прецеденттерді белгілеуде, құқықтық тәжірибені қалыптастыруда және дауларды шешуге ықпал етуде маңызды рөл атқарады.
Кассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы соттың рөлі де өзгереді. Оның жұмысы сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталады. Жоғарғы сот алдын ала қарау институтын жоюды, «толық кассацияны» қолдануды, қаралуы алты айдан аспайтын «ақылға қонымды мерзім» белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынады.
Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Кассациялық сот – бірінші және екінші сатылы соттар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]