Астана қаласында кассациялық сот құрылады
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі № 109-VIII Заңымен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізілген болатын.
Атап айтқанда 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш дербес кассациялық сотты құруды көздейді.
Атап айтқанда кассациялық сотты Қазақстан Республикасының Президенті өңіраралық сот мәртебесімен құрады, олар сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайтын, сот практикасын зерделейтін және оның қорытындылары бойынша төменгі тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықты сақтау туралы сараптама жүргізетін, сондай-ақ заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыратын болады.
Кассациялық тәртіптегі істер алдын ала қаралмай, үш судьядан тұратын алқаға тікелей жіберілетін болады. Кассациялық сатыдағы соттың істерді қарау мерзімі алты айдан аспайды. Сот талқылауы тараптардың шақырылуымен ауызша жүргізіледі.
Кассациялық сот төменгі соттар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын сот жүйесінің бірі. Дауларды шешуге ықпал етуде маңызды рөл атқарады.
Кассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы Соттың рөлі де өзгереді, ол сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Жоғарғы Сотта сот актілерін қайта қарау Жоғарғы Сот судьясының ұсынысы бойынша ерекше жағдайларда мүмкін болады. Егер оларды сот тәжірибесіне қайшы жергілікті және кассациялық соттар қабылдаған болса, құқықты дамыту мүддесінде қайта қарауды талап етеді.
Дербес кассациялық соттың қызметіне қатысты ақпараттық-имидждік жұмысты күшейту мақсатында әскери соттардың судьялары мен сот қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Н.Жунисова
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
әскери сот әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]