КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты екі тараптың арасындағы дауларды болдырмау жағына қарастыру барысында, атап айтқанда: сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне жазбамен өтуі, электронды сот отырыс залдарында электронды түрде әкімшілік құқық бұзушылық істерді қаралуы, тараптардың істегі материалдармен электронды түрде таныса алуы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істі тез арада қарау және қаулыны заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мәлімдеуге, сот процестері онлайн тәртібінде өтуі,қаулыны электронды түрде алуыбұл қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты біршама төмендеткен болатын.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кассация сот жүйесіндегі үш сатының бірі ретінде Жоғарғы Соттың құрамында өз міндетін атқарып келеді.

Алайда, аталған сатыда барлық істерді қайта қарауға  мүмкінді болмады. Себебі кассациялық сот алқасы өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен  материалдарын қарайтын.

2025 жылдың шілде айында кылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құруды қарастыратын заңға қол қойылды.

Сонымен қатар 1 шілде 2025 жылдан бастап елімізде дербес кассациялық соттар өз қызметіне кіріседі.

Сондай-ақ бірыңғай кассациялық тәртіп заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарап, 6 ай мерзім ішінде істерді мәні бойынша үш судья құрамында  қарауды қамтитын болады.

Кассациялық сот төменгі органдар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады.

Кассациялық сотың негізгі міндеті- сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірулерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Кассациялық соттардың әділдік қағидаттарын және құқық үстемдігін толық жүзеге  асыруға ықпал етеді. Заң тәжірибесінде маңызды роль атқарады  және құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді.

Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді.

Бұл істі кассациялық сотта қарағаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік жоқ деген сөз. Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.

Төменгі сатыдағы соттың шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін.

Бұл өзгеріс сот жүйесінің дамуы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына барынша ықпал ететіні сөзсіз.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сот Әкімшісінің

сот отырысының бас маманы-хатшысы Н.К.Мажитова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.