Кассациялық соттың құру – қоғам талабы
Бүгінде сот жұмысының сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені белгілі. Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкпе-реніші болатыны рас. Бірақ дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты біршама төмендеткен еді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 7-бабы 14 тармағына сай, кассациялық саты - істі бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкіміне, қаулысына өтінішхат ұсыну, наразылық бойынша қарайтын Жоғарғы Сот алқасы.
2023 жылдың 19 қыркүйегінде Жоғарғы Сот судьяларының, Судьялар одағаның Орталық кеңесінің, облыстық сот төрағаларының және сот жүйесінің ардагерлері мен Сот әкімшісі басшылығының қатысуымен «Дербес кассациялық соттарды құру» мәселесі төңірегінде дөңгелек үстел өтті.
Заң жобасын ашық талқылау барысында көрсетілген «жаппай» кассация институтына сарапшылардың жоғары қызығушылығы оның заң тәжірибесі мен қалын бұқара үшін маңыздылығы мен өзектілігін көрсетті. Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Сот әкімшілігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, Парламетаризм институтының басшылығы, Бас прокуратура мен заң қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Заман талабыны сәйкес, Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі үш кассациялық сот құру жоспарлануда. Бұл бағытты, 2023 жылғы қазан айында Жоғарғы Сот тарапынан мүдделі тұлғалармен, соның ішінде депуттар корпусымен, орталық мемлекеттік органдармен, бизнес, заң құрылымдарымен, және халықаралық ұйымдармен Республиканың заңдарына да тиісті өзгертулер толықтырулар енгізілетіні сөзсіз.
Осы өзгеріске дейін кассациялық сот сатысы Жоғарғы Соттың құрамында болды. Барлық істерді кассациялық сатыда қайта қарауға мүмкіндік болмады. Өйткені, оның қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарының түрлері бар. Атап айтқанда, азаматтық істер оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қаралса, іс татуласу рәсімімен аяқталса, жеке тұлғалар үшін талап қою сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, заңды тұлғалар үшін 30 000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса бұндай істер кассацияда қаралмайтын болды. Қылмыстық істерден қылмыстық теріс қылық жасау бойынша қаралған істер кассацияда қаралмады.
Ал, соңғы өзгеріске орай кассациялық сот сатысы Жоғарғы Соттың құрамында емес, дербес болады.
Кассациялық сот құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді.Соған сәйкес, елімізде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтырдың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттырады. Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады.
Сонымен бірге істердің барлық санаттары бойынша арыздарды кассациялық сатыда алдын ала қарау сатысы алынып тасталуы да басты мәселе.Себебі бүгінгі күнге дейін істерді бір судьяның қарап, алқа қарауына жіберу мәселесі соның пайымдауымен шешіліп келгені белгілі. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің ренішін туындатты. Бұл мәселе оңынан шешімін тапқан сияқты. Сондай-ақ адвокаттар қауымы барлық санаттағы істерді қарауға тараптар міндетті түрде қатысуы керек, әрі істі алқалы құрам жүргізуі тиіс деген ұсыныстары да жүзеге асырылды.
Кассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Ұсынылып отырған жаңа тетік Жоғарғы Сот төрағасының ұсыным енгізу институн ауыртпалықсыз жоюға мүмкіндік береді. Өзгерістер 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізіледі деп жоспарлануда.
Жаңа сот сатысы 2025 жылы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құрылып, апелляциялық сот алқасының қабылдаған актісі негізінде істерді қайта қарайды.
Бұл реформа сот жүйесінің тиімді жұмыс жасауына, сонымен қатар адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының сақталуына барынша ықпал жасауына, сотқа деген сенімді одан әрі нығайтуға кепіл болады деген сенімдемін.
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық сотының судьясы А.А.Шунимов
[xfvalue_img]