Мемлекеттік қызметшінің әдебі – маңызды!
Жалпы, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Мемлекеттік қызметші тікелей халыққа қызмет етуші тұлға ретінде қызметіне адал және әділ, сондай-ақ өзінің іс-әрекеттеріне жауапты болып, қарапайым халықтың арасында мемлекеттік қызметшілерге деген мүлтіксіз сенім туғызуға барынша талпынуы қажет. Әрине, бұған қол жеткізу оңай нәрсе емес, ол үлкен күш-жігерді талап етеді.
Қазіргі заман талабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселесінде ең бірінші сақтау керек қағидасы – киім үлгісі. Яғни, мемлекеттік қызметші өзінің іскерлік киім үлгісінде ұқыптылық, мұнтаздық, жайлылық және сыртқы бейнеге шамданудың болмауына мән беруі керек.
Екінші – өзін-өзі ұстау қағидасы. Мемлекеттік қызметші ең бастысы, халықпен қарым-қатынас жасау барысында өзін сыпайы ұстап, кез келген күтпеген жағдай орын алған жағдайда қорқынышқа берілмей, төзімділік танытып, қызмет көрсету барысында барлық білгірлігін пайдалана білуі қажет. Мемлекеттік қызметші тікелей адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде келесі ұстанымдарды ұстануы қажет:
- өз ойын дұрыс және дәлелді түрде баяндау;
- сөйлеп отырған адамның сөзін бөлмеу;
- азаматтың мазалаған сұрақтарын мұқият тыңдау, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіру
- толық консультация беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыру;
- жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге ізгі ниетпен қарау, оларға қажетті көмекті көрсету.
Қорытындылай келе, барлық мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қойып, өзіне жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс.
Орал қалалық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы М.К.Жаскайратова
[xfvalue_img]