Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметкердің басты борышы
Мемлекеттік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен, аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киімінің тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу – қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этикет жүйелеріне жатады.
Мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптар белгіленген. Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Оның ішінде қызметкер сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, баршаға ортақ қабылданған іскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап сабырлы, салмақты, ұқыпты болу тапсырылған. Сондай-ақ еліміздегі тілдерге, салт-дәстүрлерге сыбайластықпенқарап, әділ де заңды шешімдер қабылдап, біреуді сын айтқаны үшін қудаламай және мемлекет меншігін тек қызмет бабында пайдалану нақтыланған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметші жемқорлық фактісіне қатысты, тіпті есімінің аталуына жол бермеуі, қол астындағыларды кемсітпеуі және қызметкерлердің барлығына құрметпен қарауы тиіс.
Ең бастысы, мемлекеттік қызметшілердің жеке өміріне байланысты талаптар тіпті күшейген. Сондай-ақ оларға көрінген жерде қызметтік куәлігін алға тартып, лауазымын пайдалануға шектеу қойылған.
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік. Өзге мамандық иелеріне қарағанда оларға тәкаппарлық тіптен жараспайды.
Мемлекеттік қызметкерге жалпы қабылданған этикет сақтау өте маңызды, себебі ол тікелей адаммен жұмыс жасайды және әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім киісі, қимыл-әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей болуы керек.
Еліміздің ертеңі – бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасатымен ар-ожданына және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет – халыққа қызмет!» деп Елбасы белгілеп берген ұран аясында елге деген адалдықтың «ақ туын» абыроймен ұстауымыз қажет.
С.Таңатарова
Жаңақала аудандық соты кеңсесінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]
22 пікір