Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен қазіргі кездегі даму ерекшеліктері туралы

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен қазіргі кездегі даму ерекшеліктері туралы

Құқықтық демократиялық қоғамда барлық даулы мәселелер сот арқылы шешімін табатыны белгілі. Осыған орай, азаматтардың құқығын қорғауда сот төрелігінің атқарар міндеті мен оған жүктелер жауапкершілігі күн санап өсіп келе жатқанын айта кету керек.

Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялаған күннен жүзеге асырыла бастаған саяси, әлеуметтік және құқықтық өзгерістер ұлттық құқықтық жүйенің, соның ішінде сот жүйесі мен сот ісін жүргізудің қалыптасуына жол ашты.

Қоғам бір орнында тұрмайды, ол әрдайым өсіп, дамып отырады. Сол қоғаммен бірге, қоғам ішіндегі органдар жүйесі де заман талабына сай әркез өзгеріп, дамып келеді. Қазақстанның сот жүйесі өз тәуелсіздігін алған жылдардан бері көптеген реформаларды жүзеге асырды. Сол реформалар сот жүйесінде орын алған қайшылықтарды жойып, одан әрі жетілдіруге бағытталды. Тәуелсіздік алған жылдан бергі сот жүйесінің дамуын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының 1993 жылғы Конституциясының қабылдануы. Ол сот билігінің ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі қағидаларын бекітіп берді. Осы Конституция бойынша Жоғарғы Сот, Жоғары төрелік сот пен төменгі сатыдағы соттар сот төрелігі органдарына жатқызылды.

Екінші кезең: 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудің қажетті кепілдіктерінің болуын қарастырды (1, 15б). Төрелік соттар жүйесі таратылып, олардың функциялары жалпы юрисдикция соттарына берілді. Бұл Конституцияның қабылдануы қоғамды әрі қарай демократияландырудың шынайы қажеттілігі, тәуелсіз Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңінің бастауы болды.

1995 жылы 25 желтоқсанда қабылданған ҚР Президентінің «Соттар мен судьялардың мәртебесі туралы» №2694 конституциялық заң күші бар Жарлығы соттар қызметінің негізгі қағидаларын, соның ішінде, судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін айқындап берді. Сот жүйесінің одан әрі дамуы 200 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңның қабылдануына орай жаңа қарқын алды. Конституциялық заң сот-құқықтық реформасының кезекті кезеңіне жол ашты.

Үшінші кезең: 2002 жылы сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік Құқықтық саясат тұжырымдамасының қабылдануы еді. Тұжырымдамада сот жүйесін жетілдірудің, судьялардың тәуелсіздігін нығайтудың негізгі критерийлері тағы да айқындалды.

Төртінші кезең: Құқықтық саясат тұжырымдамасының 2020 жылға дейінгі кезеңге арналып белгіленген қағидаттарын жүзеге асыру-елімізде сот жүйесін одан әрі дамыту деңгейін жаңа сатыға көтеруге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сенімді қорғалуына кепілдік береді.

Қазіргі таңда сот жүйесі қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың шілде айында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құруды қарастыратын соттың ашылуы жоспарланған.

Кассациялық соттардың құрылуы Қазақстанның сот жүйесін одан әрі дамытуға, сот шешімдерінің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Құқықтық мемлекет белгісінің бірі-сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.

Құқықтық сауаттылығымызды арттырып, жаңа технологияларды еркін пайдаланып, өз құқығымыздың бұзылуына жол бермейік.  

Б.С.Каженов 

Орал қалалық соты әкімшісінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.