Құкыктық мемлекет тірегі - сот.

Құкыктық мемлекет тірегі - сот.

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет.

Құқықтық мемлекет ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске асқан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады. Мемлекеттік билікті қалыптастыру кезеңінде маңызды орынды сот төрелігі алды. Сот билігі – мемлекеттің жұмысында, құрылымдық биліктің қызметінде өте маңызды рөл атқарады. 

Республикада осы отыз жыл көлемінде құқықтық-заңнамалық реформалар да қатар орындалып отырды және құқықтық мемлекет орнатуға негіз қалады. Бүгінгі таңда тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған ауқымды реформалар, қоғам өмірінің барлық салаларындағы даму көрсеткіштері, халықаралық дәрежедегі байланыстардың орнауы Конституцияның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени модернизацияның өзегі болып табылатынын айқын растайды.

 Мемлекеттің басты заңы күнделікті өмірде азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі болып саналады, оның үйлесімді дамуы үшін қажетті құқықтық-заңнамалық жағдайларды қамтамасыз етеді.

Зайырлы, өркениетті ел азаматтарының заң алдындағы құқығы тең. Сот билігі мемлекеттік басқаруда маңызды функцияны жүзеге асырады. Соттың міндеті - адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

 Қазақстанда сот биліг Конституция талаптарына сәйкес іске асырылады. Соттың мәртебесі, оның беделі мен тәуелсіздігі мемлекеттегі заң үстемдігінің, сонымен қатар, жеке азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нақты көрсеткіші болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері, еліміздегі сот жүйесінің сапалы дамуына үлкен мән берілуде. Бұл мақсатта көптеген реформалар қабылданып, жылдан жылға сот жүйесін жетілдіру жұмыстары сәтті жүзеге асырылуда.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маман сот отрысынң хатшысы

Н.Тұркменбаев

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.