«Дербес кассациялық соттарды құру жөніндегі сот жүйесі»
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, еліміз сот-құқықтық реформаларды жүргізуде. Соның нәтижесінде қазіргі таңда құқықтық мемлекеттің негізгі талаптарына жауап беретін сот жүйесі әрекет етеді. Сонымен қатар, сот дербестігінің негізгі мәселелері де өз шешімін тауып, соттардың тәуелсіздігіне кепілдіктер берілді. Қазіргі таңда басымдық – тиісті талаптарға және қоғам сұранысына жауап беретін сот жүйесінде.
Бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан жүзеге асуда. Мемлекет басшысының көптеген кездесулер барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті.
Қазақстанның құқықтық жүйесі соңғы жылдары бірқатар маңызды өзгерістер мен реформаларды бастан өткеруде, солардың бірі – кассациялық соттардың құрылуы. Бұл реформа әділетті сот жүйесін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды жақсартуға бағытталған. Кассациялық соттар сот жүйесінде жаңа деңгей ретінде әрекет етіп, сот актілерін қайта қарауға және заңды қадағалауды күшейтуге жол ашады. Қазақстанда енгізіліп жатқан кассациялық соттар – сот жүйесін жаңғыртуға арналған жаңа инстанция. Олардың негізгі міндеті – әділдікті қамтамасыз ету, заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ апелляциялық соттардың шешімдерін қайта қарау мүмкіндігін ұсыну.
Кассациялық соттардың негізгі міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын тексеру. Олар апелляциялық соттардың шешімдерін құқықтық тұрғыдан бағалап, заң талаптарына сай болуын қадағалайды.
Алдағы уақытта кассациялық соттың тәжірибеге енгізілуі сотқа жаңа серпін беріп, жаңаша бағытта бағдар алуға орын алуда. Сонымен қатар, кассациялық соттардың құрылуы Қазақстанның сот жүйесін одан әрі дамытуға, сот шешімдерінің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болып табылмақ.
Уюмдасова Альмира Аскаровна
Орал қаласының мамандандырылған сот әкімшісі бас маманы
[xfvalue_img]