Жоғарғы Сот: электронды білезіктер жиі қолданыла бастады
◾️ Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сондай-ақ қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы материалдарды соттардың қарауы мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді.
◾️ Дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Соттың судьялары, Парламент Мәжілісінің депутаты А.Құспан, Республикалық адвокаттар алқасының (РАА) төрағасы А.Бикебаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Г.Бижанова, сондай-ақ Бас прокуратураның, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және РАА өкілдері қатысты.
◾️ Қатысушылар соттардың қамауға алуға санкция беруден бас тартуының үлестік пайызы жыл сайын тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті.
◾️ Егер 2021 жылы соттар қамауға алу туралы өтінішхаттардың 90%-ға жуығын қанағаттандырса, 2024 жылы – тек 75%-ын ғана қанағаттандырған.
◾️ Сонымен бірге, қамауға алудан бас тарта отырып, соттар үйқамақ пен кепілге алуды жиі қолдана бастады.
◾️ 2021 жылмен салыстырғанда үйқамағын таңдау 860-тан 1911-ға дейін немесе екі еседен астамға, ал кепілге алу - 4 есеге (59-дан 214-ке дейін) өсті.
◾️ Биыл Жоғарғы Соттың бастамасымен электронды білезік деп аталатындарды қолдану жобасы қолға алынды.
◾️ 2024 жылы электронды бақылау құралдары үйқамаққа алынғандардың 60 пайызында қолданылған болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 3 пайыздан аспаған.
◾️ Биылғы жылдың 10 айында ғана соттар тарапынан 505 электронды білезік қолданылды.
◾️ Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырудың өзекті мәселелері де атап өтілді.
◾️ Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша аталған институттарды қолдану практикасы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
[xfvalue_img]