Тарихи маңызы зор оқиға: Қазақстандық музыкант әлемдік музыка тарихына енеді: Рахат-Би Әбдісағин Оксфордта алғашқы кванттық симфониясын ұсынады

Тарихи маңызы зор оқиға: Қазақстандық музыкант әлемдік музыка тарихына енеді: Рахат-Би Әбдісағин Оксфордта алғашқы кванттық симфониясын ұсынады

Қазақстандық композитор және пианист Рахат-Би Әбдісағин Оксфорд университетінің арнайы шақыруымен кванттық механиканың 100 жылдығына арналған Oxford Quantum Centenary Conference халықаралық конференциясы аясында тарихтағы алғашқы кванттық симфонияны таныстырды.

Әбдісағиннің "Quantum Universe" (Кванттық Ғалам) атты жаңа туындысының әлемдік премьерасы 20 қарашада Оксфордтағы аты аңызға айналған Merton College Chapel шіркеуінде өтті. Композитор орган партиясын жеке орындады.

Туынды планетадағы ең көне аспаптардың бірі – орган мен Оксфорд университетінің профессоры Боб Куктың ең жаңа технологиялық әзірлемесі – кванттық гитараны тоғыстырды. Гитара кванттық компьютерге қосылған және кубиттер дыбысты нақты уақыт режимінде өзгертіп отырады. Осылайша, физика музыкаға айналған алғашқы кванттық симфония дүниеге келеді.

"Мен органның ежелгі қуатын дыбыстың болашағы — кванттық материямен тоғыстыруға ұмтылдым, - дейді Рахат-Би Әбдісағин. — Музыка – бұл Ғаламның тілі, ал кванттық симфония - оны жаңа деңгейде естіп көру талпынысы".

Оксфорд ғылыми қауымдастығы кванттық механика мерейтойын танымал физиктер, философтар мен зерттеушілердің баяндамаларымен атап өтті, ал ашылу салтанатының символикалық аккорды ретінде қазақстандық ғалым-композитордың көзқарасы арқылы ұсынылған кванттық Ғаламның музыкалық интерпретациясы орындалды.

Қазақстандық ғалым және музыкант Еуропаны бағындыруда

Соңғы жылдары Рахат-Бидің есімі Еуропаның ең беделді сахналарында жиі естіліп келеді. 2024 жылы ол Ұлыбританияның ең көне музыкалық марапаттарының бірі – Лондонның құрметті музыканттар компаниясының (The Worshipful Company of Musicians) Күміс медалінің иегері атанды. Оның «Брюс» операсы Ұлыбританиядағы соборларда қойылып, Король Чарльз III атынан Букингем сарайынан алғыс хат алды.

Сол жылы Рахат-Би физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Герард ‘т Хоофтпен кездесті. Нидерландыдағы кездесу суперпозиция және кванттық байланыс идеяларын музыка арқылы көрсету тақырыбындағы философиялық диалогқа ұласты. Профессор Әбдісағиннің «Ғаламдағы

нөл сияқты тыныштық» аналогиясы дыбыс табиғаты туралы ойлаудың жаңа жолын көрсететінін атап өтті.

Өз еңбектерінде Рахат-Би кванттық теория қағидалары мен музыкалық формаларды біріктіріп, музыкалық туындылармен қатар әлемнің дыбыстық модельдерін жасайды.

Кітаптан сахнаға

Кванттық симфония идеясы Әбдісағиннің «Quantum Mechanics and Avant-Garde Music» («Кванттық механика және авангард музыка: Бос кеңістік көлеңкелері») атты кітабынан туындаған. Бұл кітап британдық The Times Literary Supplement журналында жоғары бағаға ие болды. Басылым авторды «ғылым мен өнер арасындағы шексіз байланыстарға есік ашқан» деп сипаттады. 2024 жылы кітап Springer Nature әлемнің ең ірі академиялық баспаханасы арқылы жарық көрді. Фундаменталды еңбекте автор кванттық физиканың негізгі қағидалары мен заманауи академиялық музыканың құрылымдары арасындағы параллельдерді зерттейді.

Анықтама

  • Рахат-Би Әбдісағин — композитор, пианист, өнертану докторы, Royal Conservatoire of Scotland түлегі («Болашақ» бағдарламасы бойынша), 100-ден астам шығарма авторы.
  • Quantum Mechanics and Avant-Garde Music: Shadows of the Void (Springer, 2024) кітабының авторы.
  • Лондонның Құрметті музыканттар компаниясының Күміс медалі иегері.
  • Король Чарльз III атынан музыкалық өнерге қосқан үлесі үшін алғыс хат алған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Vida Бүгін, 04:06

    Der Verde Bonus bietet attraktive Möglichkeiten für neue Spieler, den Anbieter kennenzulernen.
    Das Verde Casino bietet eine optimierte Mobile Casino Erfahrung, die sowohl auf Android als auch auf iOS Geräten zugänglich
    ist. Der maximale Auszahlungsbetrag ist das 5-fache des Bonusbetrags, und für Freispiele gilt ein Maximalgewinn von 300€.
    Im Verde Casino erwartet neue Spieler ein ansprechendes Willkommenspaket,
    das sowohl eine Bonussumme als auch Freispiele beinhaltet.

    Die digitalen Tischspiele im Verde Casino verbinden klassische Eleganz mit Technologie.
    Die Megaways-Slots bieten variable Gewinnlinien und verändern mit jedem Dreh ihr Spielfeld - eine innovative Spielmechanik, die Spannung garantiert, wie Sie
    es im Slot-Demo sehen werden. Alle Spiele wurden sorgfältig ausgewählt, um Ihnen unvergessliche Unterhaltung zu bieten - von leuchtenden Slots bis hin zu erlebnisreichen Live-Tischen.

    References:
    https://online-spielhallen.de/joo-casino-test-erfahrungen-2-550-spiele/

  2. аватар
    Latashia Бүгін, 07:53

    Gutgeschrieben werden dir die Freegames für
    den Slot Book of Ra Deluxe. Für die Auszahlung des
    Willkommensbonus ist in unserer Spielhalle ein 30-facher Umsatz der Bonussumme
    notwendig. Zahlst du zum Beispiel einen Betrag von 100 € ein, erhältst du
    weitere 100 € als Bonusbetrag dazu.
    Die erste Glücksspielmaschine dieser Art kam schon 1898 auf
    den Markt und hatte auch den typischen Seitenarm zum Spielen. Casino Spiele mit Echtgeld-Gewinnen und regelmäßig auch
    Online-Slots machen es möglich Sie sind heute eine der beliebtesten Formen des Glücksspiels
    und haben in der Regel drei oder mehr Walzen, auf denen Symbole erscheinen.

    References:
    https://online-spielhallen.de/lex-casino-top-spielportal-in-deutschland/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.