Қазақстан әлемнің үздік 100 білім беру инновациясының қатарына енді

Қазақстан әлемнің үздік 100 білім беру инновациясының қатарына енді

Шағын жинақты мектептерді дамыту жобасы Финляндияның HundrED ұйымының нұсқасы бойынша әлемнің үздік инновациялық шешімі ретінде танылды.

Қазақстанның ауылдағы мектептерді дамыту тәжірибесі алғаш рет HundrED Global Collection 2026 халықаралық рейтингінің негізгі тізіміне енді. Бұл тізім әлемде іске асыруға ұсынылған 100 үздік білім беру инновациясын қамтиды.

Жыл сайын Финляндиядағы HundrED үкіметтік емес ұйымы бүкіл әлем бойынша білім беру саласын өзгертетін ең тиімді әрі ауқымды тәжірибелерді таңдайды. 2025 жылы 70 елден 800-ден астам өтінім түсті, сарапшылар 150 жобаны іріктеп,  үздік 100 жобаны анықтады. Олардың қатарында AITAS Foundation-ға қарасты Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры жүзеге асырған шағын жинақты мектептердің әлеуетін цифрлық технологиялар арқылы дамыту жобасы бар. Негізгі тізімге Қазақстанмен қатар Ұлыбритания, Канада, Үндістан, Норвегия және АҚШ-тың да жобалары енді. Бұл елдер қазірдің өзінде әлемдік білім беру жүйесінің болашағын қалыптастырып жатыр.

«HundrED Global Collection 2026 шын мәнінде білім беру жүйесін өзгертетін шешімдерді атап өтеді. Қазақстанда жасалған жұмыс – ауыл мектептерін қолдаудың ауқымды әрі тұрақты тәсілінің жарқын мысалы», – деп атап өтті HundrED зерттеу директоры Катрин Бергстрём.

Қазақстан HundrED Global Collection тізіміне қалай енді

2023–2024 жылдары Ақтөбе облысында Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Қазақстан халқына» қорының, облыс әкімдігінің және AITAS холдингінің қолдауымен ауылдағы шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруға бағытталған кешенді жобаны жүзеге асырды.

Жоба 134 шағынжинақты және 12 тірек мектепті қамтыды. Нәтижесінде цифрлық инфрақұрылым жақсартылып, педагогтер жаңа әдістемелер бойынша оқытылды, аралас және қашықтан оқыту түрлері іске қосылды. Мұғалімдер мен оқушылардың көрсеткіштері айтарлықтай артқаны тәуелсіз бағалау арқылы дәлелденіп, HundrED халықаралық сарапшылары тарапынан мойындалды.

«Біздің HundrED тізіміне енуіміз – ірі бизнестің әлеуметтік миссиясы жүйелі өзгерістерге әкелетінін дәлелдейді. Біз бизнес, қоғам және мемлекет күшін біріктіре отырып, тұрақты жобаларды іске асырамыз. Бұл жаңалық – барлық серіктестер үшін мақтаныш. Жетістігіміз Қазақстанның білім мен интеллектуалды капитал саласында тиімді шешімдер ұсына алатынын көрсетеді», – деді Данияр Токтарбаев, Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының (AITAS Foundation) жетекшісі.

Жалпы алғанда, білім беру саласындағы үздік 100 инновация тізіміне 52 елден жаңашыл жобалар енді. HundrED тізіміне енген жобалар жыл сайын әлемнің жетекші білім институттары мен донорларының назарын аударады. Олардың тәсілдері көптеген елдерде ұлттық реформалардың бір бөлігіне айналады.

Қазақстанның шағын жинақты мектептерді қолдау моделі – мемлекет, бизнес және қоғамның орнықты серіктестігі арқасында қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтудың үлгісі ретінде қарастырылуда.

Айта кетейік, биыл Ақтөбе облысының тәжірибесі Солтүстік Қазақстан облысында масштабталып жатыр.

Сілтемелер:

HundrED Global Collection 2026

«Ақтөбе облысындағы шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының есебі

Анықтама үшін

Жоба шағын жинақты мектептердегі білім сапасы мен оқыту тиімділігін арттыру мақсатында цифрлық ресурстарды қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби дамуы мен әдістемелік қолдаудың тетіктерін сынақтан өткізу үшін іске асырылды.

Жобаның жүзеге асуы келесі ұйымдардың қолдауы арқасында мүмкін болды:

  • Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (ФУРО) – жобаның әдістемелік негіздемесін және жалпы үйлестіруін, мектептерді түгендеуді, жабдықтар тізімін анықтауды, жеткізу мен балансқа қоюды, 6-, 8- және 10-сыныптарда мониторинг жүргізуді, сондай-ақ мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту кезінде әкімшілік және операциялық шығындарды қамтамасыз етті.
  • AITAS – жобаның барлық операциялық шығындарын қамтамасыз етті.
  • «Қазақстан халқына» қоры – материалдық базаны жаңартуды қаржыландырды.
  • Ақтөбе облысының әкімдігі – әкімшілік қолдау көрсетті, мектептерді интернетпен қамтамасыз етті, цифрлық технологияларды пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастырды және педагогтердің еңбекақысын төледі.
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен оның құрылымдық бөлімшелері – жобаның әдістемелік және аналитикалық сүйемелдеуін, педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшыларын кәсіби тұрғыда дамыту шараларын қамтамасыз етті.
  • Цифрлық білім беру платформаларының иелері – мектептерге ресурс ұсынды, платформаларға, LMS жүйелеріне, оқу материалдары мен онлайн оқыту құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз етті, цифрлық технологияларды қолдану кезінде техникалық қолдау көрсетті және мұғалімдердің сұранысы бойынша контентті жаңартып отырды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    gfdg 17 ноября 2025 13:05

    https://thedailypulsey.com/index.php/2025/11/13/chemical-alchemy-in-the-bedroom
    -how-intimate-encounters-can-alter-body-chemistry/
    https://versusdarknet.com
    https://versusdarknet.com/index.php/2025/11/13/revamp-your-dress-a-step-by-step
    -guide-to-altering-the-dress-waist-for-a-perfect-fit/
    https://gaderah.com
    https://yurikachan.com
    https://giveadamndoc.com/index.php/2025/11/13/is-alcohol-a-mind-altering-substa
    nce-unveiling-the-impact-on-mental-states/
    https://yurikachan.com
    https://pulse-designtech.com
    https://msnmkj.com
    https://behtarinmoshaver.com/index.php/2025/11/13/how-to-effectively-adjust-the
    -ph-level-of-water-a-comprehensive-guide/
    https://kvartiraarenda.com
    https://mskdcs.com
    https://nazkoltuk.com
    https://versusdarknet.com
    https://anseyuri.com/index.php/2025/11/13/mastering-screen-size-adjustments-a-c
    omprehensive-guide-to-altering-display-dimensions_1/
    https://acorncraft.com
    https://tunnermaul.com
    https://nexuspulsee.com
    https://wbcqsy.com
    https://thedailypulsey.com
    https://lazzystore.com
    https://fyfydm.com
    https://pinkutusu.com
    https://zhangxiaomo.com/index.php/2025/11/13/strategies-for-modifying-tables-wi
    th-check-constraints-a-comprehensive-guide/
    https://wanderwords1.com/index.php/2025/11/13/where-to-find-the-best-dress-alte
    ration-services-near-you/
    https://bradhodgesportfolio.com
    https://bytebard6.com/index.php/2025/11/13/is-nordstrom-alterations-free-unveil
    ing-the-truth-behind-tailoring-services-at-nordstrom/
    https://anseyuri.com/index.php/2025/11/13/customized-fit-at-your-fingertips-doe
    s-levis-offer-alterations-for-a-perfect-denim-experience/
    https://dankvapeofficial.com/index.php/2025/11/13/transforming-a-deep-v-neck-t-
    shirt-easy-tips-to-adjust-its-neckline/
    https://nebulanotess.com
    https://giveadamndoc.com/index.php/2025/11/13/revamp-your-gta-online-avatar-tra
    nsform-your-appearance-with-these-styling-tips/
    https://wbcqsy.com/2025/11/13/is-st-chroma-an-alter-ego-exploring-the-dual-iden
    tity-of-a-visionary-creative-entity/
    https://xiushuwang.com
    https://musemantrar.com/index.php/2025/11/13/exploring-childbirth-unveiling-the
    -altered-state-of-consciousness/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.