Жоғарғы Сот 2024 жылдың 9 айындағы соттардың жұмысын қорытындылады
◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев республиканың сот корпусымен өткен 9 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңес өткізді.
◾️ Оның жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина және Аслан Түкиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, ВКБ арқылы – облыстық және оған теңестірілген соттардың басшылығы қатысты.
◾️ А.Мерғалиев өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан өзгерістер судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, сот корпусын жоғары білікті заңгерлермен нығайтуға және сот процесінде азаматтар мен кәсіпкерлердің кепілдіктерін күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
◾️ Баяндамашы алқабилер соттылығының кеңеюіне байланысты олардың қатысуымен қаралған қылмыстық істердің екі есеге ұлғайғанын, шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету және сот қателерін азайту үшін ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату және бас бостандығынан айыруды неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтінішхаттар беруді пысықтау жұмыстары қолға алынғанын айтты.
◾️ Бақылау құрылғыларын қолданудың 4 есеге өскені туралы айтылды: 2023 жылы электронды білезіктермен үйқамаққа алу үшін 68 адамға (үйқамақтағылардың 20%), ал 2024 жылы – 263 ұсталған адамға (60%) санкция берілген.
◾️ Өрескел заң бұзушылықтар туралы материалдарды (23 тұлғаға қатысты 11 іс бойынша) Сот жюриіне жолдау туралы айта келе, баяндамашы заңның үстемдігі қағидатын қатаң сақтауға, сот практикасының бірлікті қамтамасыз етуге және істерді қарау мерзімдеріне тоқталды.
◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы азаматтық істер бойынша татуластырудың тиімділігін (42%), оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған істердің көбейгенін, тұрғын үй, жер, еңбек және сақтандыру даулары бойынша сот қателерінің азайғанын атап өтті.
◾️ Қоғамда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғау істері бойынша, спикер соттардың жеке ұйғарымдар бойынша шаралар қабылдауы қажеттігін атап өтті.
◾️ Апелляцияның тиімділігін арттыруға, кассациялық тәртіпте анықталған қателерге баса назар аудара отырып, судьялар үшін оқыту семинарлары мен тренингтерін жүйелі түрде өткізуге назар аударылды.
◾️ Әкімшілік талап қоюлардың өсуіне қатысты (3,3%) мемлекеттік басқару сапасын арттырудағы реформаның тиімділігі атап өтілді: татуластыру және сұратулар 5,4%-ға өсе түскен, Жоғарғы Сот 2 бюллетень, 9 талдау және сот практикасына қорытулар шығарды.
◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы, сөзінің соңында, сот шешімдерінің әділдігін қамтамасыз ету, істерді мұқият қарау, оның ішінде, инвесторлар мен бизнестің құқықтарын қорғау, соттардағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін жою, жаңа Судьялық әдеп кодексінің нормаларын мүлтіксіз сақтау, соттың кешенді жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде көбірек айту қажеттігіне назар аударды.
[xfvalue_img]