Tabiğat Labs Fest қала фестивалі тұрғындарды шығармашылықпен айналысуға және экологиялық өмір салтын ұстануға шабыттандырады

Tabiğat Labs Fest қала фестивалі тұрғындарды шығармашылықпен айналысуға және экологиялық өмір салтын ұстануға шабыттандырады

15 қараша күні сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін KazGASA университетінде (Рысқұлбеков көшесі, 28) Tabiğat Labs Fest қалалық фестивалі өтеді. Бұл жарқын іс-шара экологиялық бастамаларды, шығармашылықты және қала мәдениетін біріктіреді. Кіру тегін, іс-шараға әр жастағы тұрғындар қатыса алады.

Фестиваль Tabiğat Labs бағдарламасының екінші жылғы жұмысының қорытындысын ұсынады. Бағдарлама – 2023 жылдан бері қазақстандықтарды саналы тұтынуға, табиғатты қорғауға және тұрақты дамуға шабыттандырып келе жатқан қаладағы бастамалар коалициясы. Бағдарламаға қатысушылар: Ботаника және фитоинтродукция институтының басқаруындағы Бас ботаникалық бақ, Fading TSE, Act for Impact, Urban Forum Kazakhstan мен ұйымның серіктесі –  «Шеврон» компаниясы.

Биыл бағдарлама қатысушылары воркшоптар мен экскурсиялардан бастап зерттеулер мен кітап клубтарына дейін ондаған іс-шаралар өткізді:

  • Urbanitarium Club Astana 2025 жылы Астанадағы 13–17 жастағы 350-ден астам жасөспірімдердің басын қосты. Төрт ай ішінде қатысушылар қазақстандық сарапшылардың жетекшілігімен урбанистика мен экологияның теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп қана қоймай, Астана дендропаркі аумағын зерттеп, оның тұрақты дамуының тұжырымдамасын әзірледі. Жас зерттеушілер 9 гектардан астам аумақты қамтитын дендропарктің фаунасын жүйелі түрде бақылап, 4,5 мыңнан астам ағаш түрін, 50-ден астам бұта түрін және 100-ден астам шөптесін өсімдік түрін, соның ішінде Қызыл кітапқа енген Биберштейн қызғалдағын картаға түсірді. Бұл жұмыстың нәтижесінде аудан әкімдігінің қолдауымен парктің навигациялық және экологиялық инфрақұрылымының жаңа элементтері орнатылды: флора жөніндегі материалдары бар ақпараттық стенд және карта-схема, 30 өсімдікке арналған тақтайша мен тозаңдандырушы жәндіктерге арналған 3 «қонақүй».
  • Жасыл рейнджер клубы Бас ботаникалық бақта жиналды. Ботаника және фитоинтродукция институтының мамандары қала тұрғындарын өсімдіктерді бақылау және күтіп-баптау әдістерін көрсетті.
  • Urbanitarium Almaty – он апталық бағдарлама жасөспірімдерді заманауи урбанистика және экологиялық ойлау қағидаларымен таныстырды. 24 қатысушы қала қалай жұмыс істейтінін және ол табиғи ортаның өмір сапасына қалай әсер ететінін зерттеді. Олар тұрақты көлік қағидаттарын, қоғамдық кеңістіктер мен қауымдастықтардың рөлін, сондай-ақ қоғамдық ортада өнер арқылы экологияға қатысты пікірді білдіруге болатынын қарастырды. Дизайн-ойлау, шығармашылық күнделік жүргізу, цианотипия және желілік маршруттар секілді тәжірибелер арқылы қатысушылар қала ортасын байқауды, талдауды және қайта пайымдауды үйренді. Универсалды дизайн воркшобы барысында жасөспірімдер мүгедектігі бар адамдарға арналған құралдарды қолданып, қала ортасының қолжетімділігін тексерді. Бағдарлама қорытындысы ретінде олар табиғат аясына шығып, алған білімдерін жеке тәжірибелерімен және қаланың болашағына қатысты көзқарастарымен байланыстырды.
  • Экологиялық дизайнға арналған алғашқы шығармашылық марафонда Creathon қатысушылары пәнаралық топтарда бірігіп, тұрақты, қолжетімді және тұрғындарға қамқор қала ортасын қалыптастыру мақсатында шешімдерді іздеді.
  • Ағаш-ескерткіштер жайлы Monumental Trees of Kazakhstan кітабы еліміздегі ең көне ағаштар туралы алғаш рет баяндайды. Архивтегі құжаттар, фотосуреттер және жергілікті тұрғындар берген сұхбаттар арқылы кітап ағаштардың тарихын адамдар мен өңірдің тағдырымен тоғыстыра зерттейді.
  • Book Культура қауымдастығы көркем және нон-фикшн әдебиетті көбірек оқуға шабыттандырып қана қоймай, экология, климаттың өзгеруі және тұрақты даму тақырыптарын талқылауға шақырады. Кітап клубы құрылған сәттен бастап 29 кездесу өткізіп, 40-тан астам кітаптарды оқытты. Қауымдастықтағы 180-нен астам қатысушыларды оқу мәдениеті, қызығушылық және табиғат пен планетамыздың болашағына деген шынайы қамқорлық біріктіреді.
  • Tabiğat Labs дәрістер алаңы – иллюстратордың суреттері дәрістермен қатар көрсетілетін серия. Мұнда сарапшылар қоршаған орта, мәдениет және экология тақырыптарын қарапайым әрі қызықты түрде баяндайды. Дәрістер алаңы экология ұғымының әдеттегі түсініктен әлдеқайда кең екенін көрсетеді. Бұл — құндылықтар мен өмір салты, қала дамуы мен саясат туралы әңгіме, сондай-ақ әлемді өнер арқылы түсіну жөніндегі ойтолғау. Биылғы маусымда спикерлер қатарында сәулетші және урбанист Әсел Есжанова, эколог Пакизат Сайлаубекова, кинокритик Ораз Керейбаев, зерттеуші Данияр Қосназаров, журналист Михаил Буляков, музыкалық аспап шебері Жолаушы Турдығұлов және басқалар болды.

15 қараша күнгі Tabiğat Labs Fest бағдарламасы:

  • Жергілікті брендтер, қолөнер шеберханалары мен тәуелсіз эко-жобалардың жәрмеңкесі
  • Tabiğat Labs дәрістер алаңы – суретшілердің иллюстрацияларымен қатар өтетін тікелей дәрістер
  • Балалар мен ересектерге арналған шеберлік сағаттар, ойындар және пікірталастар
  • Деректі фильм көрсетілімі
  • KazGASAстуденттік бэндінің концерті
    Фестивальдің толық бағдарламасы хатқа тіркелген файлда көрсетілген.

БАҚ үшін байланыс ақпарат:
 info@urbanforum.kz
 WhatsApp: +7 705 223 4814

Анықтама:

Tabiğat Labs 2023 жылдан бері ұйымдар коалициясы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып келеді. 2025 жылғы бағдарламаға қатысушылар: Бас Ботаникалық бақ, Fading TSE, Act for Impact, Tentek books және Urban Forum Kazakhstan.

«Шеврон» – әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз сенімді, қолжетімді және таза энергияның прогресс үшін маңызды екеніне сенеміз. «Шеврон» мұнай және табиғи газ өндірумен, мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімдерін өндірумен және қоспалар жасаумен айналысады, сонымен қатар бизнесіміз бен саланы дамытуға арналған технологияларды әзірлейді. Біз мұнай-газ секторындағы қызметімізді дамытуға, өзіміздің көміртегі ізімізді азайтуға және жаңартылатын отын өндірісі, көміртекті ұстау мен оффсеттер қолдану, сутегі, деректерді өңдеу орталықтарына энергия өндіру және инновациялық технологиялар сияқты жаңа бағыттарды дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы толығырақ ақпарат www.chevron.com веб-парақшасында.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    uytu 17 ноября 2025 13:06

    https://thedailypulsey.com/index.php/2025/11/13/chemical-alchemy-in-the-bedroom
    -how-intimate-encounters-can-alter-body-chemistry/
    https://versusdarknet.com
    https://versusdarknet.com/index.php/2025/11/13/revamp-your-dress-a-step-by-step
    -guide-to-altering-the-dress-waist-for-a-perfect-fit/
    https://gaderah.com
    https://yurikachan.com
    https://giveadamndoc.com/index.php/2025/11/13/is-alcohol-a-mind-altering-substa
    nce-unveiling-the-impact-on-mental-states/
    https://yurikachan.com
    https://pulse-designtech.com
    https://msnmkj.com
    https://behtarinmoshaver.com/index.php/2025/11/13/how-to-effectively-adjust-the
    -ph-level-of-water-a-comprehensive-guide/
    https://kvartiraarenda.com
    https://mskdcs.com
    https://nazkoltuk.com
    https://versusdarknet.com
    https://anseyuri.com/index.php/2025/11/13/mastering-screen-size-adjustments-a-c
    omprehensive-guide-to-altering-display-dimensions_1/
    https://acorncraft.com
    https://tunnermaul.com
    https://nexuspulsee.com
    https://wbcqsy.com
    https://thedailypulsey.com
    https://lazzystore.com
    https://fyfydm.com
    https://pinkutusu.com
    https://zhangxiaomo.com/index.php/2025/11/13/strategies-for-modifying-tables-wi
    th-check-constraints-a-comprehensive-guide/
    https://wanderwords1.com/index.php/2025/11/13/where-to-find-the-best-dress-alte
    ration-services-near-you/
    https://bradhodgesportfolio.com
    https://bytebard6.com/index.php/2025/11/13/is-nordstrom-alterations-free-unveil
    ing-the-truth-behind-tailoring-services-at-nordstrom/
    https://anseyuri.com/index.php/2025/11/13/customized-fit-at-your-fingertips-doe
    s-levis-offer-alterations-for-a-perfect-denim-experience/
    https://dankvapeofficial.com/index.php/2025/11/13/transforming-a-deep-v-neck-t-
    shirt-easy-tips-to-adjust-its-neckline/
    https://nebulanotess.com
    https://giveadamndoc.com/index.php/2025/11/13/revamp-your-gta-online-avatar-tra
    nsform-your-appearance-with-these-styling-tips/
    https://wbcqsy.com/2025/11/13/is-st-chroma-an-alter-ego-exploring-the-dual-iden
    tity-of-a-visionary-creative-entity/
    https://xiushuwang.com
    https://musemantrar.com/index.php/2025/11/13/exploring-childbirth-unveiling-the
    -altered-state-of-consciousness/

  2. аватар
    Roxana 17 ноября 2025 16:49

    https://projects.om-office.de/alissahastings


    https://gitea.irons.nz/jefferyslate46/blackcoin8430/wiki/Weather-and-Radar-Map-
    for-Ilir-Barat-Satu%2C-South-Sumatra-30131%2C-Indonesia


    https://gitea.sguba.de/astridkruttsch


    https://git.kitti.ac.th/secwilliemae70/7369834/wiki/Best-Online-Pokies-and-Free
    -Spins


    https://www.first315.com/averyfollett27


    https://ljs.fun:19000/adrianna35o806


    https://git.nightime.org/amandamichels7


    https://www.first315.com/august07401308


    https://nijavibes.com/linniealfaro98


    https://gitea.micro-stack.org/margenemartyn


    https://gitea.tpss.top/jaimev63791979


    https://koljastrohm-games.com:3000/cassiefollmer/5434874/wiki/Online+Games+%252
    6+Entertainment


    http://coding.yinghuodd.com/jonellesteven


    https://bizad.io/read-blog/28367_ensuring-brisbane-casino-doesn-039-t-become-a-
    039-eyesore-039-should-be-a-priori.html


    https://repo.komhumana.org/luisd908079827


    https://git.rec4box.com/angieberkman3


    https://www.ouarte.garden/roxieculbertso


    https://git.malls.iformall.com/melbawetherspo


    https://gitea.offends.cn/ericai06756670


    https://clients.git.marv.pw/alizaoreily742/4691068/wiki/Slots+%2526+Live-Spiele
    +mit+1+250+Bonus


    https://git.ellinger.eu/sooncammack441

    References:


    https://repo.komhumana.org/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.